Олжас Сүлейменов ұлтты мойындаудан барлық ел зардап шегіп жатқанын айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Бейсенбi, 14 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Олжас Сүлейменов ұлтты мойындаудан барлық ел зардап шегіп жатқанын айтты

Фото: www.kazpravda.kz

Қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Шымкентке келіп, журналистерге сұхбат берді. Өз сөзінде шырайлы қалаға соңғы рет екі жыл бұрын келгенін айтап өткен белгілі ақын Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы соңғы жылдары көркейіп, ерекше өзгергенін жеткізді. Өз сөзін «Біз барлығымыз қазақстандықтармыз. Осыны естен шығармау керек» деп бастаған қоғам қайраткері Шымкентке келген сапары барысында өңірдің фармацевтикалық саласымен танысқан.

 

«Фармзауытта болдым. Негізі мені осы бір проблема қызықтырады. Ресеймен қатар Қазақстанды да тұрғындарды жергілікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайты мазалайды»,-деді О.Сүлейменов.

Бұдан өзге танымал саяси тұлға біздің күш – ұлттардың бірлігінде екенін жасырмады.

«Кез келген көпұлтты мемлекет билікті орталықтандырудың арқасында аман қалады. Ұлттардың өзін-өзі айқындау құқын мойындағанымызбен, оның ыдыратушы құқық екені көрініп отыр. Бұдан қазіргі таңда барлық мемлекет зардап шегіп жатыр»,-деді ақын.  (Любое многонациональное государство устоит долго, благодаря централизации власти, да. Хотя мы признаём право нации на самоопределение, но это разрушающее, как оказалось, право. От этого сейчас все государства страдают)

Алқын деп алақанымызға салып жүрген қайраткеріміздің бұнымен не айтқысы келгенін түсінбедік. Ал сіз қалай ойлайсыз?

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Қонақ
+8 Қонақ 29.03.2016 16:50
Шіріген жұмыртқа. Бар арманы-қазақты біреуге тәуелді ету. Елге кіргізбеу керек.
Жауап беру
Ardager
+6 Ardager 29.03.2016 17:05
Олжекеңнің пікіріне құлақ ассақ, ҚХА-ны жою керек. Өйткені халықтар ассамблеясына топтасқан ұлттар Қазақстан мемлекетін ыдыратушы құқыққа ие.
Жауап беру
salimcan
+7 salimcan 29.03.2016 21:30
Bul kisi nedese bos, oz ana tilin bilmegen adamnan ne kutuge boladi.
Жауап беру
Айдарбек
+3 Айдарбек 29.03.2016 22:34
Алдымен өзі қазақша сөйлесін..
Жауап беру
Мұрат
+3 Мұрат 30.03.2016 06:38
Лингвист Олжас қазақ тілімен қатар көне түркі мен славян тілдерін, өлі тіл санатындағы шумер тілін де біледі. Көп тіл білуінің нәтижесінде "АзиЯ" кітабын жазып, "Слово о полку Игоря" жырындағы орыстардың пайдасына тарихты бұрмалаушылықтарды аяусыз әшкереледі! Байырғы мәдениет орталығы саналған шумерлердің тілі түркілердің баба тілі деген ғылыми байыптау жасады! Тарих пен әдебиеттегі осындай революциялық көзқарастары үшін Кеңес үкіметі кезінде өзі қудалауға ұшырап, кітабы өртелді!
Жауап беру
Толеу Зайсан
+2 Толеу Зайсан 30.03.2016 16:13
Біздің қоғамда жоғарыдағылардың барлығы адамды есінен айыратын бірдеңе ішіп қойған-ау шамасы. Бәрі алжып, не айтып не қойғандарын білмейтін болды
Жауап беру
Әли
+2 Әли 30.03.2016 20:37
алақанымызға салып жүрген қайраткеріміздің бұнымен не айтқысы келгенін түсінбедік.
___________________
алақанымызға салып жүргеніңіз біреудің артынан шыққан қалдығы боп шықты.
Күн сайын иістеніп бара жатыр. Тезірек лақтырып, алақаныңызды жуыңыз!
Жауап беру
Бейсембай Жылубаев
0 Бейсембай Жылубаев 01.04.2016 18:55
Бәрекелді!Жарайсың!!!
Жауап беру
Мұрат
-2 Мұрат 30.03.2016 22:28
Биліктің саяси технологтарының Олжасқа қарсы ұйымдастырылған кезекті шарасы ғой. Мамыр айында ақынның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында оны қаралайтын материалдар үсті-үстіне жариялануға тиісті...
Жауап беру
Серік.
+1 Серік. 31.03.2016 18:58
Ағамыз ақсақал жасына жетті, енді қазаққа зиянын тигізбей дем алса да болады ғой!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Шымкенттік кәсіпкер әкімдіктегілерге велосипед сатып алып берді

Шымкенттік кәсіпкер әкімдік қызметкерлеріне велосипед сатып алып берді. Нәтижесінде ретсіз сауда орындарымен күресетін мамандар жаяу жүрмейтін болды. Әл-Фараби ауданының қызметкерлеріне жеке кәсіпкер ...

Korrespondent.kz Қоғам

Астаналық тұрғын жолы шұрық-тесік көшеге Жақсыбеков атауын беруді ұсынды

Астана тұрғындарының бірі Есілдің оң жағалауындағы Кенесары көшесіне қазіргі қала әкімі Әділбек Жақсыбековтың атын беру керек деген ұсынысын айтып отыр. Азамат Көшенов есімді елордалық аталған жолды...

Korrespondent.kz Қоғам

«Мәсімовтану» пәнін енгізу туралы ұсыныс желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Осыдан бірнеше күн бұрын елдегі мектептерде «Назарбаевтану» пәні енгізілейін деп жатыр деген әңгіме желдей ескен болатын. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Жаңа пән тура...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды

22 жастағы шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter