"Ninety one" тобының продюсері Ерболат Беделханның жұбайы Асыл Беделхан Instagram желісінде аталмыш топты сынаушылар жас өнерпаздардың еңбегін бағаламайтынын ашық айтты, деп жазды NUR.kz порталы.
"Сіздер тек сыртқы келбетті ғана байқайсыздар. Өнерпаз алға қойған мақсатына жету үшін қанша тер төгетінін білмейсіздер. Терең бойласаңыздар, қызғанышқа орын болмас еді", - дейді Асыл Беделхан.
"Ninety One тобы туралы жағымсыз пікірлер айтпас бұрын олардың қандай өткелден өткеніне көз жеткізіп алғандарыңыз дұрыс. Төзім, тынымсыз еңбек - олардың серігі. Тіпті қазірдің өзінде, жас жігіттер өнеріне қатысты айтылған сынға қарамай, қажырлы еңбек етуде", - деп жалғастырды ойын продюсердің жұбайы.
"Ал музыкалық топтың өнерін ұнатпайтындарға және қазақ эстрадасының жұлдыздарына айтар сөзім жоқ. Болашақта бәрін өмірдің өзі көрсетер, қазір әңгіме қозғаудың түк пайдасы жоқ", - деді Ерболат Беделханның жұбайы.