Оралда департамент басшысының әйелі сұлулық салонында қайтыс болды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 15 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Оралда департамент басшысының әйелі сұлулық салонында қайтыс болды

Фото: www.uralskweek.kz

28 наурыз күні Оралда «Звезда Востока» сұлулық салонының клиенті укол қабылдаған соң қайтыс болды. Қаза болған әйел Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Аманжол Жақановтың жары болған деп хабарлайды NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы.

 

Ал салон қожайыны аталмыш департамент басшысының орынбасары Бауыржан Қайдаровтың әйелі Венераға тиесілі болып шыққан.

Сұлулық салоны қайғылы оқиғадан кейін "сұлулық уколын"  Мәскеуден шақыртылған дәрігер Эльвира Юсупова жасағанын мәлімдеуге асықты.

«Инъекцияны мәскеулік дәрігер жасады. Ол алдымен аллергиясы бар-жоқтығын тексерді. Алайда уколдан кейін әйел дірілдеп, аузынан көбік кетті. Біз бірден жедел жәрдем шақырттық. Біздің салонда сұлулық уколдарын жасамайды», — деп түсіндірді сұлулық салонының қызметкері.

"Қаза болған әйел салон қожайынының танысы болғандықтан, ол сұлулық салонының ішінде мәскеулік дәрігердің уколын қабылдауына рұқсат беруін өтінген", - деген салон қызметкерінің сөзін "Мой город" жариялады.

Басылымның айтуынша, 26-28 наурыз күні WhatsApp арқылы қала тұрғындарына Мәскеуден дәрігер салонға арнайы келетіні туралы хабарлама тараған.

Кейін «Уральская неделяға» БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматова түсініктеме берді.

"28 наурыз күні жедел жәрдем «Звезда Востока» сұлулық салонына шақыртылды. 1977 жылғы клиенттің жағдайы нашарлаған. Белгісіз инъекциямен әйелдің екі бетіне укол салғаннан кейін, ол тұншыға бастаған. 5 минутта келіп жеткен дәрігерлер әйелдің сол арада қайтыс болғанын айтты", - дейді басқарма басшысы. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Астаналық тұрғын жолы шұрық-тесік көшеге Жақсыбеков атауын беруді ұсынды

Астана тұрғындарының бірі Есілдің оң жағалауындағы Кенесары көшесіне қазіргі қала әкімі Әділбек Жақсыбековтың атын беру керек деген ұсынысын айтып отыр. Азамат Көшенов есімді елордалық аталған жолды...

Korrespondent.kz Қоғам

АҚШ компаниясы Головкинге табанында Қазақстан ту бейнеленген аяқ киім сыйлады (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF версияларының орташа салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин Jordan Brand атрибутикасын шығарушылармен келісім-шартқа отырды. Бұл ж...

Korrespondent.kz Спорт

«Мәсімовтану» пәнін енгізу туралы ұсыныс желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Осыдан бірнеше күн бұрын елдегі мектептерде «Назарбаевтану» пәні енгізілейін деп жатыр деген әңгіме желдей ескен болатын. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Жаңа пән тура...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды

22 жастағы шымкенттік бойжеткен әмиян ұрлаймын деп істі болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter