75-ке келген танымал ақын әлі күнге дейін әдемі қыз көрсе, жүрегі лүп ететінін жасырмады
Жасы 75-ке жақындаған қазақстандық ақын Исраил Сапарбай дүниеден озғанша ғашық болып өтемін дейді. Тіпті әлі күнге дейін әдемі қыздарды көрсе, жүрегі лүп ете қалатынын да жасырмады. Бұл жөнінде өнер иесі Оңтүстік Қазақстан облысындағы арналардың біріне берген сұхбатында айтты.
«Абай айтқан ғой, «жүрегіме қырық жамау қиянатшыл дүниеден» деп... Осы жерге келе жатқан кезде ана есіктен де, мына жақтан шыққан кезде де кілең жаңа туған айдай ұқсап қыздар шығып жатты. Оны сен қалай көрмей өтесің? Әзілге әзіл тастап, бір шумақ өлең айтып келе жатырмын жаңағы.
Әдемілікті, сұлулықты көре білу керек. Тани білу керек, табына білу керек. Сүйсіну керек. Бірақ періште сипатты қыз-келіншектерге сұқтанып қарама, сүйсініп қара деген бар»,-деді ақын. Одан өзге өнер жолы мен өмір жолынан сыр шерткен талант иесі тілшілерге берген сұхбатында жастармен өткен кездесуде олар ақынның шығармашылығындағы туындылардың басым көпшілігі, тіпті 80 пайызға жуығы неліктен махаббат тақырыбындағы өлеңдер екенін сұрайтынын да атап өтті.
«Ақындық жүректің ерекше бір құпиясы деп білемін... Мен айтқанмын, өле өлгенше ғашық болып өтемін деп. Жоқ, менің жүрегім жалғыз. Тек сұлуларды көргенде жүрек лүпіл етеді. Жүрегің лүп етсе болды, өлең туады.
Мен өзімнің жүрегіме қарсы келе алмаймын ғой. Жүрегім соғып тұрса, әдемі қазақтың қызын көрсем, еп ете қалса... Ол менің жүрегім, иесі менмін ғой», - деп әңгімесін жалғады ақын.
- Исраил Сапарбай
- қазақстандық ақын
- Қазақстан
- мәдениет
- өнер
- Корреспондент