Отандық азық-түлік сатып алған Назарбаевтың төлеуге ақшасы жетпей қала жаздады (видео)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қалтасына 5 мың теңгеден артық ақша салып жүрмейтін болып шықты.
Елбасы Алматыдағы гипермаркеттердің біріне арнайы барып, отандық өнімді қолдауға қатысты сауда жасады. Нан, сүт, ірімшік және тосап секілді күнделікті тұрмыста тұтынатын тағамдарды сатып алған Нұрсұлтан Әбішұлы тауарлар бағасын кассирге есептетті. Президент қалтасындағы ақшасы жетпей қалады деп ойлаған болу керек, қасындағылардан ақша сұрағандай кейіп танытты. Президенттің ымын түсінген Алматының әкімі қалтасынан дереу ақша шығарып, Елбасыға ұсынғаны сол еді кассир қыз тауар бағасы 4 мың теңгеден асқанын айтты. Әрине, бұл баға Назарбаевтың таңданысын тудырғандай болды.
(Видео tengrinews.kz-тен қырқылып алынды)
Медиа
- Назарбаев Нурсултан
- Нұрсұлтан Назарбаев
- қызық ақпарат