Қазақстандық бойжеткен тоқалға қалай айналғанын айтып берді
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сейсенбi, 1 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Қазақстандық бойжеткен тоқалға қалай айналғанын айтып берді

Фото: img.tyt.by

Қазақстандық Сабина есімді ару ірі кәсіпкерге тоқалдыққа қандай жолмен барғанын ашып айтып берді. Бұл туралы Эскпресс К жазды. Тоқалдыққа барған қыздың өмірі жайында Астанаға іссапармен барған қазақстандық азаматтың  экс-тоқалдардың бүгінгі тынысы мен олардың бас қосатын ортасы туралы әңгімесінде айтылған.

 

Белсенді студент, спортшы әрі модель Сабина сән әлеміндегі көрсетілімдерге қатысып жүріп, қалталы мұнайшының көзіне түскен. Содан көңіл қосып, екі жыл әлгі қалталы азаматтың тоқалы болған екен. Бәйбішесі күйеуінің бұл әрекетіне барынша шыдамдылық танытып, тіпті тоқал екеуі бір шаңырақтың астында жүргеніне де көніп, оған тамақ әзірлеу бойынша кеңестер  беріп келген. Кәсіпкердің заңды некедегі әйелі күйеуі күндердің күнінде ертіп келген тоқалын үйден өзі қуып жіберетініне сенімді болып, сол күнді тағатсыздана күтіп жүріпті. Бәйбішенің тілегі орындалып, жас қыздан шаршаған мұнайшы оны үйден кетуін талап етіп, қолына 1000 АҚШ долларын ұстатып өзі шығарып салған. Бүгінде Сабина тағы бір қалталы «ағашка» табудың амалыа кірісіп кетіпті. Сол үшін Астана клубтарын жағалап жүр екен.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Гуля
0 Гуля 18.02.2016 21:18
Ортага шайтан кирсе осы
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Қазақстандық журналист қазақ тілінің тынысы тарылуына Д.Назарбаеваны кінәлады

Танымал журналист Қуандық Шамахайұлы қазақ тілінің болашағына алаңдаулы. Журналист бұл туралы пікірін "Твиттер" арқылы «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Тіпті қазақ тілінің тынысы т...

Korrespondent.kz Қоғам

«Үлгермегенімді келесі әкім орындайды»

Жұртшылық жақында ғана атыраулықтарға өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берген облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов әне-міне қызметінен кетіп қалады-ау деген сыбыс таратып жүр. Оған өзіндік себе...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Жас отбасыларға - 216 пәтер

Үйсіздің күйі оңушы ма еді, қазіргі таңда елімізде баспана мәселесімен бас қатырып жүрген жастардың мәселесі артқан сайын, оның шешімін табу жолдары да қарастырылуда. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарл...

Мақпал ТӨРЕБЕК Қоғам

Зейнеп Ахметова: "Шаншар" театрының әйел болуға әуес жігіттерінің іштерінде бір бәле бар" (видео)

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова   елді күлдіремін деп, талай нәрсені бүлдіріп жүрген әртіс еркектерді қатаң сынға алды. Соның ішінде жігіттердің әйел болуға әуес болып бар...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter