Шымкенттік жүргізушілер полицейлерді таң қалдырды
Шымкенттік полицейлер қаладағы көлік жүргізушілерінің жедел жәрдем қызметіне қаншалықты құрметпен қарап, жол беретінін анықтау мақсатында әлеуметтік эксперимент ролигін түсірді. Бір қызығы, нәтижесінде шенді қызметкерлер темір тұлпарды тізгіндегендер керемет нәтиже көрсеткенін жасыра алмады.
Бұл эксперименттік шарада мамандар әдейі жедел жәрдем қызметінің көлігін жол бойына жібереді және денсаулық сақтау автокөлігінің ішіне камера орнатқан. Роликтен байқағанымыздай, дабылқағышын қосқан жедел жәрдем көлігі кептеліске тап береді. Ал осы сәтте өзге жүргізушілер кезегімен жолды ашып, қысқасы медицина мекемесінің көлігіне жол берген.
Ұйымдастырушылар мұндай ролик көлік тізгіндегендерді көмекке мұқтаж жандарға қолдарынан келгенше көмектесуге, жолда әдепті болуға шақырады дейді.
рас, тек Шымкент емес, Шымкент облысының аумағында ондай жағдайда (егер қолдарынан келіп жатса) көмектен қашпайды.