Әнші Төреғали Дастан Оразбеков құрған топ жігіттерін «шайтанға» теңеді
Қазақстандық жас әнші Төреғали Төреәлі өнердегі әріптесі Дастан Оразбековтің сәлемдемесіне жауап қайтарды. Яғни, жігіттерден құралған топқа жетекшілік ететін әнші Дастанның «Төреғали Төреәлі секілділер тыңдарманды алдағанын қойсын. Өмірде сыйлаймын, араласамын. Бірақ өнерге келгенде халықты алдағанын қаламаймын. Бүкіл хиттері өзге елдің әні. Соны тек сөзін жазып шығарып жатыр» деген пікірі жас әншіге ұнамай қалған сияқты. Бұны қазақи болмыстағы өнери иеcі Төреғалидің «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатынан байқауға болады.
«Қазақтың жігіттері осыншама ұсақталып, бір-біріне видеосәлемдеме жолдайтын болған ба?.. Ұрламайық па, онда стиль ұрлауды да қояйық. Кореяға еліктеуді де қояйық түбегейлі. Қазақсың ба, қазақтың әнін жаз. Айтасың ба, «т» әрпін «тэ» демей, "жүрек» дегенді жуйрек» демей шірімей, дұрыстап сөздерін айтсын... Жалпы еркекке сын келетін нәрсе біреудің сыртынан әңгіме айту. Бір жағынан ол да жаны ашып айтқан шығар. Шет елдің әнін ұрламайық деп жатқан шығар» деген әнші Төреғали Төреәлі. Онымен қоймай, «Төрешің» деп ән салған өнер иесі Дастан Оразбеков құрған топ мүшелерінің кейпі «шайтанның» түріне келетінін де ашына айтқан.
«Шайтан дегенді қалай елестетуге болады? Шайтан дегенді кішкентайымыздан естіп келе жатырмыз ғой, солардың түрі сол жігіттердің жасаған топтарынан білінетін сияқты бір кейпінен... О заманда бұ заман, сырғаны еркек таға ма? Ауын салбыратып кие ме бұтына "жіберіп" қойған адам ұқсап? Осыны қояйық»,-деді бірнеше хит әндердің орындаушысы Т.Төреәлі.
- Төреғали Төреәлі
- Дастан Оразбеков
- шоубизнес