ОҚО мұғалімі емтихан бағасы қанша тұратынын еш қысылмастан айтып берді (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 16 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО мұғалімі емтихан бағасы қанша тұратынын еш қысылмастан айтып берді (видео)

Фото: видеодан скриншот алынды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы колледждердің бірінде сынақтан өткізу ашықтан-ашық саудалануда. «Фэйсбук» әлеуметтік желісінде колледж студенттерінің сабақ барысында оқытушымен саудаласып отырған сәті бейнеленген «Математика пәні мұғалімі Нұржамал апайдың арсыздығы» деген атаумен жасырын түсірілген видео пайда болды.

 

Оны желіні қолданушы Куандык Мусралиев бөліскен. Аталған видеода ОҚО-дағы «Агробизнес және саяхат» колледжі деген жазу жазылған. Бұл оқу ордасы ОҚО, Түлкібас ауданында орналасқан. Онда студенттердің ұстазбан болған диалогы жазылған. Студенттер үшінші курста емтихан бағасының  қымбаттайтынына алаңдаушылық танытады.  Алайда математика пәнінің оқытушы, Нұржамал (видеожазбада солай жазылған) есімді мұғалім екінші курстың өзінде емтихан бағасы 2 мың теңгеге көтерілетінін айтқан. «Бұл ни че, екінші курста, ертең емтихан ғой. Сол кезде строго 2 мыңнан болады. Былтыр мен сөйттім ғой» деп еш қысылмастан сөйлеген ұстаздың сөзін бөлген студенттер дәл қазір емтихан емес екенін айтып, оқытушыдан сынақтан өткізуін, стипендия түскен соң сұраған ақшасын беретінін жеткізеді. Бірақ, мұғалім нағыз базардағы саудагер ұқсап, «Енді не дейсің маған? На личко бермей тұрсыңдар ғой. Берсей 1500. Пожалуйста, бер...» деп айтады. Бұл бұл ма, оқытушы кей студенттер қарызға белшесінен батқанын еш жасырмай айтып береді. Айтуынша, «үйден ақша салып жібереді, сосын әкеліп беремін» деп оқытушыға сынақ қойдырып алғандары да бар екен. Бірақ, әлі күнге дейін келісілген соманы бермепті.

Видеоны көрген соң Түлкібастағы  оқу ордасына хабарластық. Қабылдау бөліміндегілер колледжде Нұржамал есімді мұғалімнің жұмыс істейтінін растады. Мән-жайды сұрамақ болып едік, мұғалімнің тек түске дейін сабақ беретінін айтты. Айта кетерлігі, "Агробизнес және саяхат" колледжінде математика пәнінен білім беретін бір ғана Нұржамал есімді апай бар екен.   

 

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

ayabek bainiyazov
0 ayabek bainiyazov 12.02.2016 18:33
Öte uyat! Arsızdıq! Bilimdi savdalavğa bola ma?
Жауап беру
Нурсауле Жумагулова
-1 Нурсауле Жумагулова 12.02.2016 23:20
Ия, ұят болыпты. Түлкібас ауданындағы барлық ұстаздардың атына кір келтіріп.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Қатын болуға» құмар әртістердің басшысы өзін сөккен жазушыға жауап беремін деп сынның астында қалды

Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова жастармен бір кезекті кездесуінде ер азамат әртістердің әйел рөлін сомдауға құмартып бара жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын. Қазақ батыр...

Korrespondent.kz Қоғам

Қазақстандық блогер танымал продюсер Есентаеваға сәлемдеме жолдады

Қазақстандық журналист әрі блогер Берік Сұлтан қазақ спортшыларының тек түрлі жарыстарда жетістікке жетіп, ел мерейін асқақтатқан соң ғана жұртшылық қошеметіне бөленетініне қынжылыс білдірді. Тіпті же...

Korrespondent.kz Қоғам

Танымал продюсер эгоистік идеясы үшін халықтан кешірім сұрады

Танымал продюсер Серік Абас-Шах 15 сәуірді Ғашықтар күні ретінде тойлау туралы ұсынысы эгоистік идея екенін жасырмай айтты. Яғни, телевизия маманы бұл идеясы қалай пайда болғанын «фэйсбук» әлеуметтік ...

Korrespondent.kz Қоғам

«Екіжүзділік не керек?»

Халықаралық журналист, қазақ тілінің жанашыры Қуандық Шамахайұлы кейбір танымал тұлғалардың екіжүзділігіне қайран қалды. Бұл туралы ойымен ол «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы бөлісті...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter