Қазақстанда қаңтар-ақпан айларында 284 көлік өртеніп кеткен
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 2016 жылдың қаңтар мен ақпан айында еліміз бойынша 284 автокөлік өртеніп кеткен, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Ведомство мәліметінде екі айда 243 жеңіл, 33 жүк көлігінің, сонымен қатар 7 автобус пен бір трактор өртенгені жазылған. Айта кету керек, елімізде 2013-2015 жылдар аралығында 6712 өрт орын алған. Бұл республика бойынша автокөліктердің өртенуі 27 пайызға артқанын көрсетіп отыр. Екі жыл ішінде өртке оранған техинканың басым көпшілігі (5247) жеңіл көліктер. 957-сі жүк көлігі болса, қалғаны автобус, троллейбус және трактор. Тасымал құралдарының өртенуіне көбіне электр желілерінің тұйықталуы мен жүргізушілердің өрт қауіпсіздік шараларының сақтамауы себеп болған. Сондай-ақ, эксплуатация мерзімі 15 жылдан асқан көліктерде төтенше жағдайдың орын алу қаупі жоғары.
- ЧС
- РК
- ҚР
- төтенше жағдай
- машина өртену
- машина өртеніп кетті
- Корреспондент