Әкімдік қызметкерлері Қазақстандағы ең қарт тұрғынды мерекемен құттықтап, батасын алып қайтты
Бүгін 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды төлебилік 120 жастағы Хайранова Фатима ананы құттықтап, облыс әкімінің атынан сый-сияпат тарту етті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еліміздегі ең қарт ана Көксәйек совхозында көп жылдар бойы жұмысшы болып еңбек етіп, сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде 15 немере, 33 шөбере, 30 шөпшек және 3 немене сүйіп отырған кейуананың ойы анық, денсаулығы бір қалыпты.
Сондай-ақ, қарт анамызды құттықтай келген аудан әкімі Ә.Тұрғымбековте өз ыстық лебізін білдіріп, бағалы сыйлық табыс етті.
- ОҚО
- ЮКО
- Төлеби ауданы
- Дархан Сатыбалды
- Әуелхан Тұрғынбеков
- ең қарт адам
- қарт ана
- Корреспондент
- қызық ақпарат