Шымкенттің әкімі қыз-келіншектерге өлең оқып берді (видео)
Шымкенттің әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әкімдік ғимаратында қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, жұртшылықтың көңілін көтеріп тастады.
Сахнаға шығып құттықтау сөз алған шаһар басшысы 8 наурызды көктеммен бірге келетін ең жақсы көретін мерекелердің бірі екенін атап өтті.
«8 наурыз - көктеммен бірге қосылып біздің ең бір жақсы көретін мерекеміз. Ол халықаралық әйелдер күні. Кішкентай бала кезімізден бұл мерекені жақсы білеміз. "Мамаларымыздан" бастап, әпке, апа, қарындастарымызды әрқашан құттықтап жүретінбіз. Шынымды айтсам, бізде бір жылда 365 күн болса, сол күннің бәрінде әйелдер күні болуын қолдаймын. Себебі әйелдің адамзат үшін, қоғам үшін, жердегі өмір сүріп жатқан адамзат үшін рөлі өте маңызды, өте ерекше... Бәріміз, өмірге қалай келдік? Бізді аналарымыз өмірге алып келді. Тоғыз ай бойы жүрегінің астында ұстап, сақтап, туып, өсіріп, қартайғанша кішкентай сәбиіндей көмекпен қарайды»,-деп ағынан жарылды қала басшысы. Мұнан соң залдағыларға: «Бүгін өлеңдер іздеп отырып, Евгений Евтушенконың «Как появилось жещина» деген өлеңін оқыдым. Рұқсат етсеңіздер, сол туындыны оқып берейінші сіздерге. Көңіл күй көтеріледі...» деген әкім қолындағы ұялы телефонына қарап өлеңді оқыды. Зал ду қол шапалақтап, әкімнің әрекетіне риза болды. Әкімнің оқыған «Любовь, измена және колдун» туындысы 1961 жылы жазылған. Авторы - Эдуард Асадов.
Қала әкімі тек өлең айтып қана қоймай, көне аңыздарды мысалға келтіруді де ұмыт қалдырмады.
Құттықтау сөзінен соң қала басшысы «Алтын» және «Күміс» алқаға ие болған жас аналарға медаль табыстады. Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Оған эстрада жұлдызы Еркін Нұржанов қатысты.
Медиа
- Шымкент қаласының әкімі
- аким города Шымкент
- Габидолла Абдрахимов
- Ғабидолла Әбдірахымов
- Корреспондент
- қызық ақпарат