Қазақстандық блогер танымал продюсер Есентаеваға сәлемдеме жолдады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 18 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Қазақстандық блогер танымал продюсер Есентаеваға сәлемдеме жолдады

Фото: www.kazpravda.kz

Қазақстандық журналист әрі блогер Берік Сұлтан қазақ спортшыларының тек түрлі жарыстарда жетістікке жетіп, ел мерейін асқақтатқан соң ғана жұртшылық қошеметіне бөленетініне қынжылыс білдірді. Тіпті жеңістен соң тек бірнеше ай ғана ел мақтап, кейін ұмыт қалдырып жүретінін  еске салды. Ол өз сөзінде Үндістанның даңқты боксшысын мысалға келтірген.

 

«Мэри Ком 1983 жылы туған Үндістанның даңқты боксшысы. Бокс сүйер қауым үшін тұлғаға айналған дара спортшы. Мэри халықаралық додалардың жеңімпазы, әлемнің 5 дүркін чемпионы. Лондон олимпиадасының қола жүлдегері...

Биыл Рио олимпиадасында топ жарып, Үндістанға алтын медаль сыйлау басты мақсаты екен. Хош, Мэрриға сәттілік тілейміз. Арманына жетсін.

Айтайын дегенім, 2014 жылы Үндістан өзінің туын желбіретіп, әнұранын ойнатып жүрген Мэри Комның өмір жолы, спорттағы жетістігі туралы көркем фильм түсірді. Киноны көріп шықтым. Өте керемет, әсерлі туынды болыпты. Үнділердің ұлтжандылығы мен спортшыларына деген қолдауын осы кинодан-ақ біле берсе болатын шығар. Туын желбіретіп жүрген спортшысын насихаттады. Танымалдығын арттырды. Жастарының спортқа қызығушылығын оятты. Ең бастысы, Мэриді көзі тірісінде құрметтеді. Рио олимпиадасында алтын алуға деген құштарлығын екі есеге ұлғайтты. Керемет емес пе?!» - деді блогер. Бұдан соң ол жас ұрпаққа үлгі етіп, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға болатын фильмдерді неге бізге де түсірмеске деген ой мазалайтынын жасырмаған.

«Күшті, иә?! Ал бізде ше?! Біздің елімізде кино түсіруге лайық спортшылар бар ма?! Бұл тақырыпта қоятын сұрақ көп. Сол сияқты жауаптың да түр-түрін естуге болады. Бекзат Саттарханов туралы кино түсіріліп жатыр деп еді. Қазір тым-тырыс. Ермахан Ыбрайымов, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Артаев, Қанат Ислам, Генадий Галовкин, Серік Қонақбаев айта берсең көп. Осылардың әрқайсының алтынға жету жолындағы күресі туралы керемет кино түсіруге болады. Сол кино арқылы ұрпақты тәрбиелеуге болады. Сол кино арқылы жастарды ішімдіктен, нашақорлықтан сақтандыруға болады. Сол кино арқылы ұлтжандылықты оятуға болады.

Өкінішке қарай біз қазір спортшыларды тек клипқа ғана түсіріп жүрміз. Жеңіспен келгенде жаңалықтан айтып, 1-2 ток-шоудан көрсетіп, мектеп оқушыларымен кездестіріп қоямыз. Осымен насихаты бітті. Келесі жарыстан алтын алып келгенше ол туралы естімейміз» деген журналист қазақ батыры Бекзат Саттарханов туралы фильм түсірілсе, оны көруге бармайтын қазақтың болмайтынын, Қанат Ислам туралы киноны көрермен іздеп көретінін алға тартқан. Сонымен қатар киноны бизнес ретінде алып қарасақ, кеткен шығын екі есе етіп қайтатынына күмән келтірмеген.

«Біз Үнділер құрлы жоқпыз ба? Олар олимпиаданың қола жүлдегерлеріне кино түсіріп жатыр. Бізде олимпиададан алтын алған спортшылар қаншама?! Еліміздің көк туын желбіретіп жүрген батырлар туралы өзіміз бір кино түсіре алмаймыз ба? Оларды біз дәріптемесек, Болливуд келіп Бекзат туралы, АҚШ келіп Қанат туралы, Француздар Жақсылық туралы кино түсіріп бермейді ғой. Ондай кино түсіру үшін ойдан оқиға құрастырудың да керегі жоқ. Біздің спортшылардың өмірі дайын кино. Шіркін-ай, қазақ спортшылары туралы кино түсіруді біреу қолға алса екен?! Баян ханым, бұл жоба сіздің қолыңыздан келеді деп ойлаймын. Биыл не келесі жылы жобаны қолға алсаңыз, қуанар едік!» - деп ойын түйіндеген блогертанымал продюсер Баян Есентаеваға осылайша сәлемдеме жолдады. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Назарбаевтың жиені Әлиевтің жұмыстан не үшін кеткені белгілі болды

Астана қаласы әкімінің орынбаары болған Нұрәлі Әлиевтің қызметінен кету себебі белгілі болды. Лауазым иесінің жұмыстан кетуіне ешкім түрткі болмаған. Бұл туралы ол отандық ақпарат құралдарының біріне ...

Korrespondent.kz Саясат

Елбасы 2740 теңгеге сауда жасады

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Greenwich» гипермаркетін аралап, бешбармақ кеспесін, қарақұмық пен шай, қаймақ, нан, ірімшік, қымыз сатып алды...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкент жаңбыр суының астында қалды (фото+видео)

Шымкентте толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қала кәдімгідей өзенге айналды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Кәсіпорындардан жұмысшылар санын қысқартпауды сұранып, жан-жақты бақылау болса да, биыл 500-ге жуық азамат жұмыссыз қалады деген болжам бар. Мұндай санды облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter