Елбасы ер адамдар сүйісуді не үшін ойлап тапқанын айтты
Қазақстан Президенті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне қарсаңында елдің белсенді нәзік жандыларымен кездесуінде әдеттегідей әзілдеп, тәмсіл мен өнегелі әңгіме айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Құрметті қонақтарым, мен көп сөйлеп кеттім. Сіздер сөз сөйлейтін уақыттарыңызды күтіп отырсыздар. Әйелдер тәулігіне 20 мың сөз айтады дейді. Ер адамдар әйелдің аузын жабу үшін сүйісуді ойлап тапқан деседі", - деп аяқтады өз сөзін Назарбаев әзілмен. Жиналған нәзік жандылар қол шапалақтап, күлкілерін тия алмады. Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз қарсаңында әйелдермен "Көктем шуағы" атты дәстүрлі кездесу өткізген болатын. Онда Мемлекет басшысы әйелдерді келе жатқан мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысы еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы әйелдердің баға жетпес роліне тоқтала келіп, оларға денсаулық, сүйіспеншілік, бақ-береке және табыс тіледі.
- Елбасы
- Президент РК
- Нурсултан Назарбаев
- Нұрсұлтан Назарбаев
- Мемлекет басшысы
- 8 наурыз
- Корреспондент
- қызық ақпарат