Әлеуметтік пойыз Шымкентке келіп аялдады
«Мәңгілік Ел» пойызы" жалпы республикалық акциясының қатысушылары Шымкент қаласына келіп жетті. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айшықтайтын әлеуметтік пойызда мәдениет және спорт қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдар мен ұйымдарының өкілдері және әртістер бар, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шырайлы шаһарға тоқтаған «Мәңгілік Ел» пойызы жолаушыларын қала басшысы қарсы алды. Жолаушылар бір күн бойына тұрғындарға медициналық, әлеуметтік мәселелер мен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ бизнес және кәсіпкерлік кеңестер береді. Шара кешке «Түркістан» сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертке ұласады.
Айта кетейік, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге септігін тигізетін әлеуметтік поездың бағыты 33 шалғай елді мекенде аялдайтын 33 күнді құрайды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ақпан айының 15 күні Астана қаласынан шыққан пойыз кеше көне тарихи қала - Түркістанға тұрақтаса, бүгін 29-шы аялдамасын Шымкент шаһарына арнап отыр.
- Мәңгілік Ел
- Мангилик ел
- әлеуметтік пойыз
- социальный поезд
- Корреспондент
- шымкент
- Ғабидолла Әбдірахымов