Президент 8 наурыздан кейін БҚО мен Атырау облыстарының әкімдерін ауыстырады - БАҚ
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Президент 8 наурыздан кейін БҚО мен Атырау облыстарының әкімдерін ауыстырады - БАҚ

Президент 8 наурыздан кейін БҚО мен Атырау облыстарының әкімдерін ауыстырады - БАҚ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 8 наурыз мерекесінен кейін Оралға жасайтын сапары жергілікті билік үшін күтпеген жағдай болып отыр. Мемлекет басшысы бұл сапары барысында Батыс Қазақстан облысының басшысы Нұрлан Ноғаевты ауыстыруы мүмкін, деп жазады «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап newtimes.kz ақпараттық агенттігі.

«Билікке қатысы бар адамдар арасында сауал тастап, сонымен қатар журналистермен тілдескенімізде Президенттің облысқа жасайтын іссапар күні сол күйінше беймәлім болды. Тіпті мемлекеттік БАҚ-тарда "Масленица-қысты шығарып салу" шарасының бағдарламасы жарияланбаған.  8 наурыз мерекесіне орай бірде-бір іс-шара жоқ. Бәлкім Елбасы келіп қалса...», делінген басылымда. Сондай-ақ, жергілікті газетте Батыс Қазақстан облысының әкімдік креслосына екі үміткердің дайын екені жазылған. Оның біреуі – 53 жастағы Ералы Тоғжанов. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары. Екіншісі – Нұрлан Ноғаевтың экс-бірінші орынбасары Серік Шапкенов.

«Біздің Атырау облысындағы әріптестеріміз де тағы бір әкімнің  орнынан кетуі мүмкін екенін айтады. Яғни, жақын арада Атырауда да ауыс-түйіс болады деп күтілуде. Тілшілер өзара Нұрсұлтан Назарбаев Оралға жасаған сапарынан соң бірден жаңа әкімді жұртшылыққа таныстыру үшін Атырауға барады дегенді айтып жүр» делінген «Уральская неделяда».

Айта кетейік, Конституцияға сәйкес Президент кез келген уақытта әкімдерді қызметінен босатуға құқылы. Бірақ, Мемлекет басшысының бұл аймақтарға сапары ауыс-түйіспен тікелей байланысты екенін айту қиын. Өйткені саяси науқан алдында кадрлық ауыс-түйіс жасалынбайды. Басылымда  жазылған ақпаратқа сенсек, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде әкімнің қызметінен босатылуына нақты бір себеп болуы керек. Айтпақшы, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов 20 наурызда өтетін сайлауда ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің қатарында.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Рая
0 Рая 06.03.2016 19:30
"Орнында қалу ставкасын" берсе қаладығой...
Жауап беру
Такен
0 Такен 07.03.2016 23:30
Халык дауыс береме сайланатын акимдерге?
Жауап беру
Бақыт
0 Бақыт 09.03.2016 11:31
Елбасының шешімімен келісемін. Әкім қараларды да ауыстырып тұрған пайдалы.
Жауап беру
Канеке
0 Канеке 09.03.2016 15:57
Бари дурыс.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter