Полицейлер талтайып құлшылық ететіндердің шатын біртіндеп айырмақшы
Тәжікстанның ішкі істер министрлігі ресми сайтында Рогун тұрғындарының ұсталғандықтары жөнінде түсініктеме берді. Онда радикалды және экстремистік топтарға қатысы бар деген күдікпен Рогунның бірнеше тұрғыны ұсталғаны, ал кейбірі куәгер ретінде ішкі істер органдарына шақырылғаны туралы мәлімет бар, деп жазады SKIFNEWS.KZ.
Министрлік ұсталғандардың туыстарының Фирдауси ауданындағы тергеу мекемесіне жиналмауын ескертеді. Мұндай жиындарға заңмен тыйым салынғандығы айтылған.
Бұған дейін Рогунның бірнеше тұрғыны ұсталып, Душанбе қаласындағы Фирдауси ауданының ішкі істер басқармасына жеткізілген еді. 9 наурыз күні таңертең Рогун қаласының Калъаи Нав елдімекенінен ұсталғандардың туыстары келіп, олардың босатылуын талап еткен болатын.
Жас азаматтардың туыстары оларды намазды оқу мәнері "салафит" ағымына ұқсайды деп алып кеткенін айтады. Оларды 8 наурыз күні жергілікті мешіттен ұстаған. Ұсталғандардың ішінде Калъаи Нав елдімекенінің имам-хатибі және дәрігері бар. Дереккөздің айтуынша, бар-жоғы 25 адам тұтқындалған.
Алдын ТР ІІМ баспасөз орталығы жастардың радикалды экстремистік топтарға қосылудың алдын алу үшін "Белсенділер" тобы ұйымдастырылу ұсынылғаны, онда Тәжікстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафит ілімін үйрететінін, намаз оқу мәнеріне ден қоятынын мәлімдеген болатын.
- салафит
- теріс дін
- ағым
- Тәжікстан
- Таджикистан
- Корреспондент
- қызық ақпарат