Атырау билігі елемеген көпбалалы отбасыға Алматыдан үй табылды
Алты баланың анасы үйсіз күй кешіп, күн көру қиынға соққан соң үш баласын интернатқа өткізіп жіберген атыраулық отбасыға көмек қолын созуға дайын азамат табылды. Қайрат Әмір есімді жігіт тағдырдың тауқыметін тартып отырған отбасыға сәлемдеме жолдады. Оны жомарт азамат «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы бөлісті.
"Атыраулық достарыма: Мына отбасына сәлемдемемді жеткізулеріңізді сұраймын. Алматы қаласының сыртында Жетіген ауылында орналасқан үйімді беруге дайынмын. Қалағанынша тұруларына болады» деп жазған желіні қолданушы. Бірақ, үйін бергелі отырған азамат мұндай қайырымды істі тек бір шартпен ғана орындайтынын жетізген. Ол үшін жалғызбасты ана интернатқа өткізіп жіберген балаларын қайта өз қасына алулары тиіс. «Әрбір сәби анасының қасында болуы тиіс!» деп ойын түйіндеген Қ.Әмір.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Атырауда алты баланың анасы күн көру қиынға соғып, тіпті күнделікті ішіп-жем астың жоқтығынан үш баласын интернатқа өткізуге мәжбүр болғаны туралы жазғанбыз. Сандуғаш Ізбасова есімді жалғызбасты азамат өз сөзінде «Жағдайым өте мүшкіл. Алатын жәрдемақымның тең жартысын баспанаға төлесем, жартысы тамаққа жетпей қалады.. Өмірден түңіліп кетемін. Бірақ, мына алты баланы жетілдіру керек, осылар үшін өмір сүріп жүрмін» деп айтқан болатын.
- Атырау
- Алматы
- Сандуғаш Ізбасарова
- жалғызбасты әйел
- Корреспондент
- қызық ақпарат