Мемлекет басшысы Назарбаев әйелдерді жылатып жіберді (видео)
Елбасы Н.Назарбаев "Көктем шуағы" атты кездесуде әйелдерді төл мерекелерімен құттықтап, ана жүрегі туралы аңызды айтып берді. Мұны естіген нәзік жандылардың көңілдері босап, жылап жіберді, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жігіттің ару бойжеткенге жан-тәнімен ғашық болып, оған қол жеткізу үшін анасының кеудесінен жүрегін жұлып алғандығы туралы аңызды жиналғандар ұйып тыңдады.
Әңгіме соңында жігіт анасының қадірін түсініп, жүрегін орнына қояды. Хикаяның жақсы аяқталғаны қыз-келіншектердің көңілін босатып, жиналғандар көздерінен тамған жасты тия алмай қалды.
Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев нәзік жандылар қауымын келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, елдегі бірқатар қыз-келіншектермен арнайы кездескен болатын.
Медиа
- Нурсултан Назарбаев
- Президент РК
- ҚР Президенті
- Елбасы
- Нұрсұлтан Назарбаев
- Мемлекет басшысы
- 8 наурыз
- 8 март
- коррсепондент
- қызық ақпарат