Шымкенттің әкімі еркектерді көше тазалауға шақырды
Ертең, 6 наурыз күні Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жалпықалалық сенбілік өтеді. Таңғы сағат 9-дан бастап қала көшелері тазаланады. Оған Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бастаған қалалық әкімдік қызметкерлері, сондай-ақ өзге де еркек кіндікті тұрғындар қатыспақ.
Жоспар бойынша бұл күні сенбілікке шығушылар тек тазалау жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, «Орталық» саябақ маңына мыңнан астам көшет отырғызады. Оның 500-і раушан гүлі. Ал «Тәуелсіздік» саябағында 350, «Жеңіс» саябағында 250 дана аққайың көшеті егіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сенбілік 8 наурыз мерекесіне орай өтеді және оған тек ер азаматтар қатысады.
- Аким Шымкента
- Шымкент қаласының әкімі
- Габидолла Абдрахимов
- Ғабидолла Әбдірахымов
- субботник
- сенбілік
- Корреспондент
- қызық ақпарат