"МакДональдстың" салдарынан Қазақстан бүкіл әлемнің алдында мазаққа айналды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

"МакДональдстың" салдарынан Қазақстан бүкіл әлемнің алдында мазаққа айналды

Фото: s00.yaplakal.com
Фото: s00.yaplakal.com

Жақында Астанада танымал фаст-фуд бренді "МакДональдстың" ашылу салтанаты өткен болатын. Бұл шараны тағатсыздана күтіп, әлемге танымал фаст-фут тағамынан дәм татуға келгендер санында шек болмады. Ұзын-сонар кезекке тұрғандар шетелдік БАҚ-тың назарына іліккен. Бұл туралы қазақстандық журналист Әуесбайдың Қанаты «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Пост авторы өз қынжылысын да жасырып қалмаған.

 

«Фаст-фуд ашамын деп бүкіл әлемге келеке болдық тағы. Қазақстанда жүздеген адам бірінші ашылған McDonalds-тан тамақтану үшін кезекке тұрды деп  әлемдік ақпарат құралдары жазып жатыр.

Пост астына жүздеген адам халқымызға әрі жаны ашып, әлі күліп комменттер қалдырып жатыр» деп жазған журналист әлемдік БАҚ-тардың бірінің ғаламторда жария еткен видеосын да бөліскен.

Естеріңізге сала кетейік, жаңадан ашылған «МакДональдс» мейрамханасының ашылу салтанатына Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысып, әлеуметтік желіде сынға ұшыраған еді.    

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

klara
0 klara 14.03.2016 23:46
Қазы-карта, шубат пен қымызын тұрғанда әлем бас тартып жатқан біреудің таңсыгы ушин маскара болғанын-ай!
Жауап беру
маскара болудан шарш
0 маскара болудан шарш 19.03.2016 07:56
Уят намыс деген калмадығой қазағымда не маскара мынау
Жауап беру
Меруерт
0 Меруерт 23.03.2016 20:37
Еліктеп, еліктеп маймыл болуға аз ақ қалдық - ау деп ойлаймын. Тым болмаса үнділіктерден үлгі алмаймыз ба, осы ұаққа деін өз тағамдарын қадырлейді, сариларын киіп жүреді.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter