Қала әкімі қызметкерлерінің жауапсыздығы үшін тұрғындардан кешірім сұрады
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 19 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Қала әкімі қызметкерлерінің жауапсыздығы үшін тұрғындардан кешірім сұрады

Фото: tengrinews.kz

Семей әкімі коммуналдық қызметкерлердің салғырттығынан көшелердің су астында қалуына байланысты тұрғындардан кешірім сұрады. Қала басшысы Ермак Сәлімов су астында қалған көшелердегі жағдаймен танысуынан соң осындай әрекетке барған. Әкім қалалық ТҮКҚ бөлімінің басшылығын жауапқа тартты. "Сөзбен бәрін қатырасыңдар, ал көріп отырғанымыз мынау. Бірінші тапсырма - барлық транспортты осы жұмысқа жұмылдырыңдар", - деді Ермак Сәлімов ТҮКҚ бөлімінің басшысы қызметін атқарушы Нұрлан Серғазиновке қарап, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

 

"Мен азаматтардың алдында осындай салғырт жұмыс үшін кешірім сұраймын. Біз бұдан нәтиже шығарамыз", - деді әкім.

Тексеру барысында Сәлімов көшені судан тазартатын арнайы техниканың жұмысқа кеш шығып, ерте кетіп қалатынын анықтады. "Мұның барлығы тұрғын үй-коммуналдық бөлімнің бұл іспен салғырт айналысуынан болып отыр. Таңертең шығатын техника жұмыс істемейді. Сағат 9-10-да ғана шығады - бұл дұрыс емес. Сондықтан да біз қосымша күш бөліп, қатаң бақылауға алу шарасын қолданамыз. Жұмыс кестесін жасап қойдық", - деді әкім.

Қала басшысы 13 арнайы техникаға тағы 10 техника қосуды тапсырды. Сонымен қатар, ол кәріз жүйесін қалпына келтіруге бюджеттен қаражат бөлінгенін жеткізді. "Мұны аз қаражат құю арқылы қалпына келтіруге арналған технологиялар бар. Сол арқылы кәріз жүйесін қалпына келтіруге болады. Мұнымен айналысатын компанияда, оған бөлінген қаражат та бар. Мұндай жағдай жаңбыр кезінде қайталанады. Су тасқынының негізгі себебі - қар, ал жаңбыр оны жүзеге асыратын фактор. Сондықтан да қарды тезірек шығару керек. Біз болашақта мұны есепке аламыз", - деді Ермак Сәлімов.

Еске салайық, Семейде қардың жылдам еруінен кейбір көшелер мен жолдар су астында қалған еді.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Назарбаевтың жиені Әлиевтің жұмыстан не үшін кеткені белгілі болды

Астана қаласы әкімінің орынбаары болған Нұрәлі Әлиевтің қызметінен кету себебі белгілі болды. Лауазым иесінің жұмыстан кетуіне ешкім түрткі болмаған. Бұл туралы ол отандық ақпарат құралдарының біріне ...

Korrespondent.kz Саясат

Шымкент жаңбыр суының астында қалды (фото+видео)

Шымкентте толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қала кәдімгідей өзенге айналды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы 2740 теңгеге сауда жасады

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Greenwich» гипермаркетін аралап, бешбармақ кеспесін, қарақұмық пен шай, қаймақ, нан, ірімшік, қымыз сатып алды...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Кәсіпорындардан жұмысшылар санын қысқартпауды сұранып, жан-жақты бақылау болса да, биыл 500-ге жуық азамат жұмыссыз қалады деген болжам бар. Мұндай санды облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter