ОҚО-да аудан әкімі өзіне тағылған айыпты естіп, үнсіз қала алмағанын айтты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 18 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да аудан әкімі өзіне тағылған айыпты естіп, үнсіз қала алмағанын айтты

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген кәсіпкер Ержан Дәулетовтің өзіне қаратып айтқан шағымын жоққа шығарды. Яғни, аудан басшысы кәсіпкердің «Әкім: «Сайлауға түспей-ақ қой, бәрін шешіп қойғанбыз. «Нұр Отанның» атынан түсетін кандидатымыз бар» деген сөзімен мүлдем келіспейді. Бұл туралы «Қала мен дала» басылымы жазды. Редакцияға әкімнің өзі хабарласып, уәжін айтқан.

«Сайлауды шымкентше ұйымдастыру…немесе «кандидаттықтан бас тарт» деген мақаланы оқып үнсіз қала алмадым. Бұл қалай болғаны?

Біріншіден еліміздің заңы бойынша әрбір азаматтың сайлауға түсуге толық құқығы бар. Иә, рас Ержан Дәулетов өзі келіп менің қабылдауымда болды. Ауыл ақсақалдары келді. Кездесу барысында ел ішіндегі атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әңгіме болды.

Бірақ бұл кездесуде мен Ержан Дәулетовке «сайлауға түспейсің!» деп айтқан жоқпын, айтуға құқым да жоқ»-деп пікір білдірген әкім.

- Екіншіден Е. Дәулетов №6 Түлкібас округтік сайлау округінен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген.

Биылғы жылдың 27 ақпанында №6 Түлкібас округтік сайлау комиссиясы Дәулетовтың және оның жұбайының декларацияда көрсеткен мүлкі мен табысы жөніндегі мәліметін дұрыс емес тапты. Осыған сай «Сайлау туралы» заңға сәйкес кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жойды. Бірақ, бұған менің ешқандай қатысым жоқ.

Ержан Дәулетов өз кезегінде комиссияның  шешімін заңсыз деп тапты және бұған қарсы арыз беріп сотқа шағымданған екен. Алайда Түлкібас аудандық соты бұл шешімді қанағаттандырусыз қалдырды.

Білгенімдей, Дәулетов әрі қарай Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сотына шағым түсіреді. Бұл жерде де арызданушының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сондықтан Ержан Дәулетовтың декларациясын дұрыс тапсырмай, менен кінә іздеуі және дәлелсіз айыптауы әділеттілікке жатпайды деп санаймын.

Үшіншіден Дәулетовтың айтқаны шындыққа жанаспайды. Көктерек ауылында газ, ауыз су толық тартылған. Мектеп күрделі жөндеуден өткен. Ауылдың электр бағаналары ауыстырылып, көше бойына жарық шамдық орнатылған» -деген әкім кәсіпкердің айтқанымен келіспейтінін жеткізген.    

Айта кетейік, бұған дейін аталған басылым ОҚО, Түлкібас ауданының тұрғыны, кәсіпкер Ержан Дәулетовтің арызын басқан болатын. Онда өзін-өзі депутаттыққа ұсынған Дәулетовке аудан әкімінің сайлауда бағын сынау туралы райынан қайтару мақсатында түрлі қысым жасағаны жарияланған.  

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Жаужүрек мың бала» фильмінің монтажері «Еуразия» бірінші арнасы таратқан "сенсациялық" видео қолдан жасалған деп кесіп айтты

«Жаужүрек мың бала» фильмінің монтажын жасағандардың бірі Марат Телеуов «Еуразия» бірінші арнасының жердің сатылуына қатысты наразылық танытқандардың ақшаға сатылды деп айыптаған бейнематериалын қолда...

Korrespondent.kz Қоғам

Үкіметте неге ауызбіршілік жоқ?

9 мамырмен бірге қазақстандықтардың бір бөлігі тағы бір жеңісін тойлап жатты. Жер мәселесін көтергендер әлеуметтік желіде бірін-бірі құттықтап, сүйінші сұрасты. Елбасы халықтың наразылығын тудырған же...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Саясат

Қайрат Нұртастың директоры әншінің әйелі фильмде басты рөлді сомдайды деген ақпаратты жоққа шығарды

Отандық бірқатар ақпарат құралында Қайрат Нұртастың әйелі әртістің жаңа фильмінде басты рөл сомдайтыны жайлы хабар тараған болатын. Тілшілер бұл мәліметті әнші Сиви Махмудиге сілтеме жасай отырып хаба...

Korrespondent.kz Мәдениет

ҚР ІІМ: "Жай митингке шыққандардың соңына түспейміз"

Жер кодексіндегі өзгертулер мен түзетулерге қарсы шыққан қазақстандықтар Атырау, Ақтөбе, Семей, Ақтау, Жаңаөзен және Қызылорда қалаларында митинг өткізген болатын. Наразы топ жер шетелдіктерге сатыл...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter