Серік Ахметов кінәсін мойындап, өкініш білдірді
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов өз кінәсін мойындап, шын жүректен өкініш білдіреді. Бұл туралы Ахметовтың адвокаты Николай Лесник мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.
2015 жылғы желтоқсанда Серік Ахметовке бюджет қаржысын ұрлады, пара алды, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген айып тағылған болатын. Экс-премьер Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Желтоқсанның соңында Ахметовтың қорғаушылары апелляцияға шағым түсірді.
"Біздің қорғалушымыз Серік Ахметов… болған оқиғаға қатысты жауапкершіліктен қашпайды және бұл жерде өзінің кінәсі бар екенін түсініп, шын жүректен өкініш білдіреді", — деді Лесник апелляциялық сот алқасының отырысында.
- Серік Ахметов
- Серик Ахметов
- Корреспондент
- қызық ақпарат