ОҚО-да депутаттықтан дәмелі болған 70 үміткер тізімнен шығып қалды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да депутаттықтан дәмелі болған 70 үміткер тізімнен шығып қалды

ОҚО-да депутаттықтан дәмелі болған 70 үміткер тізімнен шығып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында аудандық, қалалық облыстық мәслиxатының депутаттығына кандидаттардың 70-і үміткерлер тізімінен шығып қалды. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің ғимаратында өткен брифингте белгілі болды.

Брифингті облыстық сайлауды бақылау жөніндегі қоғамдық комиссиясының төрағасы Досыбай Шерімқұлов жүргізіп отырды. Төрағаның айтуынша аймақ бойынша 1074 сайлау учаскесі бар. Оның 45-і жабық сайлау учаскелері. Демек, бұл орындарда бақылаушылар саяси науқанның өту процесін бақыламайды. Бүгінгі таңда үміткерлердің 70-і тізімнен шығып қалған. Оның басым көпшілігі кандидаттардың декларациясына қатысты ақпараттың дұрыс болмауынан орын алған. Сонымен қатар тізімнен шыққакндар қатарында алғашында додада бағын сынамақ болып, кейін өз еріктерімен сайлаудан бас тартқандар да бар. Одан өзге сайлаудың үгіт-насиxат жұмыстарын өрескел бұзғандар да жоқ емес. Жалпы айтқанда, облыстық мәслиxат депутаттығына үміткерлердің 11-і тізімнен шығарылған. Тағы 11 кандидат қалалық, 48-і аудандық деңгейдегі мәслиxат депутаттығына кандидат болған.

Брифингке сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі экс-мәжілісмен Камал Бұрxанов қатысты. Камал Низамұлы сайлауды бақылау барысында комиссия ешбір партияға болыспайтынын, басты мақсат саяси науқанның әділ өтуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Сайлау туралы насиxат толықтай жүріп жатқанына қарамастан оған ел азаматтарының қатысу, қатыспауы өз еріктерінде екенін айтты. 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Бақыт
0 Бақыт 04.03.2016 15:47
Заң бойынша ережені сақтамаған үміткерлерді тізімнен шығарғаны дұрыс болыпты. Келесіде басқа үміткерлер мұндай өрескел қателіктерді жібермейді деген ниеттемін.
Жауап беру
келін
0 келін 10.03.2016 20:07
Осы сайлаудың керегі не? Бəрібір əділ болмайды
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

Елші Ертісбаевтың ерсі әрекеті жұрттың ашуын келтірді (видео)

Қазақстанның Грузия еліндегі Елшісі Ермұханбет Ертісбаевтың әрекеті желі қолданушыларының ашуын келтірді. Ол футболдан Қазақстан құрамасының грузиялықтармен өткен жолдастық кездесуі барысында мемлекет...

Korrespondent.kz Спорт

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter