Шымкенттік шенеунік тек еркектер қатысқан сенбілікте кенже қызына тал ектіріп қойды
Шымкентте тек ер азаматтар қатысқан жалпықалалық сенбілікте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков қызына тал ектіріп қойды.
Орталық саябақта шенеуніктер мен түрлі сала өкілдері жиналып, сенбілік өткізген шарада облыс әкімінің он жастағы Адина есімді қызын да көрдік. Мектеп оқушысы әкесімен бірге тал егіп, көпшіліктің көзіне түсті. Мемлекеттік қызметкер Сәкен Әсембекұлының айтуынша, саябақта қасында еріп жүрген қызы ең кенжесі екен. Әйелдер күні мерекесі құрметіне өткізілген сенбілікке оқушы қыздың өзі қатысқысы келіп, жалпы тазалық шараларының қалай өтетінін көргісі келген.
Айта кетейік, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында орай жалпықалалық сенбілік өткен болатын. Нәтижесінде қаланың демалыс аймақтарына талдар мен гүлдер отырғызылды. Әйелдер күні құрметіне орай ұйымдастырылған шара облыстың барлық өңірлерінде өтті.
- ОҚО
- ЮКО
- шымкент
- Бейбіт Атамқұлов
- Сәкен Қаныбеков
- субботник
- сенбілік
- Корреспондент