«Қатын болуға» құмар әртістердің басшысы өзін сөккен жазушыға жауап беремін деп сынның астында қалды
Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова жастармен бір кезекті кездесуінде ер азамат әртістердің әйел рөлін сомдауға құмартып бара жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын. Қазақ батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апа «Теледидарды бұрап қалсам, жаңағы "Шаншардың" көрінісі болып жатыр. Бір кемпір сөйлеп тұр, оның өзі еркек. Байқайсыздар ма, біздің қазақтың жігіттері қатын болуға әуес болып алды қазір.
Іштерінде бірдеңе түрткілеп тұрады. Солардың бар ғой бір бәлесі бар. Әйтпесе дардай ер азаматтар неменеге сонша әйел болуға тырысады?.. Дүниенің бәрін білетін Шаншардың директоры Уәлибек соған келгенде неге білмей қалды?..» деп кесіп айтып еді. Артынша театр директоры Уәлибек Әбдірайымов бұл сынға қатысты өз уәжін айтып үлгерді. Өнер адамының пікірін «Жас қазақ» басылымы жариялады. Өз сөзінде директор әйел рөлін сомдауға әуес әртістерді қорғап алмақ болды. «Әртіс ол өз өмірін ойнамайды. Осы нәрсені түсіну керек», - деп әңгімесін бастаған директор: - Ол сахнаға шығып образ жасайды. Әйел образын комедия жанрында нәзік жандылар өте сирек ойнайды. Оларға қиындау соғып жатады. Неге екенін білмеймін. Өмірде күлкілі етіп жасай алады. Ал сахнада қолынан келмейді. Ерлер арасында да сахнаға шығып, әйел рөлін сомдаймын деп өз-өзін мазақ қылғандар бар. Сол себептен сынаған уақытта, жалпылама айтпай, шеберлігіне мән берсек. Ал ер адамның барлығы әйел болып ойнауды тоқтатыңдар деп айтуға болмайды. Ол жанрдың заңында жоқ нәрсе», - деп жауап қатты. Алайда, өнерлі ұжым басшысының бұл сөзі желіде сынға ұшырады. Танымал журналист М.Тоқашбаев өз парақшасында бүгінгі қазақ қоғамы «қатын» образына мұқтаж еместігін, азамат образы қажет екенін айтып, «Шаншар» театры еркектер ойнайтын «қатын» образдарын қолдамай, жөніне көшу керектігін жеткізген. Тіпті бірі «Анасын, әжесін мазақтап, тиын тапқанына қуанады...», «Ол еркектің шамасы әйелге ғана жеткеннің көрінісі. Қолдарынан келсе, депуттаттар мен шенеуніктерді нысанаға алмай ма?» деп пікірін қалдырған. Араларында әртістердің еркек екеніне күмәнмен қарайтындары да табылды. «Сол қатын болып ойнап жүргендердің еркектігіне күмәнім бар. Үйінде қатыны еркек ролінде ойнайтын шығар» деп жазған желі қолданушылардың бірі.
- Зейнеп Ахметова
- Шаншар
- Шаншар Уәлибек
- Уәлибек Әбдірайымов
- Шаншар Жүсіп Ақшораев
- корреспоендент
- қызық ақпарат
Журегым айнид казак телевидениесынен!!!