Мемлекет басшысы қазақ мақалын жоққа шығарды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 2 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Мемлекет басшысы қазақ мақалын жоққа шығарды

Фото: i-news.kz
Фото: i-news.kz

Арнайы сапармен Батыс Қазақстан облысына барған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ-Т" ЖШС тұрғын үй құрылысы комбинатында болып, жастардың баспана алмай жатып үйленбеуіне кеңесін берді, деп жазады SKIFNEWS.KZ.

 

"Алдымен баспаналы болу керек, содан кейін отбасын құру керек. Егер өз үйің болмаса отбасын қай жерге құрасың?! Бізде дұрыс істемейді. Алдымен баспана мәселесін шешіп алу керек, сосын үйлену керек. Мен дұрыс айтып тұрмын ғой?! Үйленіп аласың да ары-бері сандалып жүресің" деді Елбасы аталған комбинат жұмысшыларымен кездесуі барысында.

Назарбаев мұнан кейін жұмысшылардан жалақы мен зауыттағы жағдай туралы сұрады. Жұмысшылар болса келісіп алғандай, түгел бас изеп, бәрінің тамаша екенін жеткізді.

Елбасы сондай-ақ, Қазақстанға ешқандай дағдарыстың кері әсерін тигізбейтінін, өйткені, еліміз аяқта нық тұрғанын да айтты.

"Қазақстан аяғында нық тұр, қорымыз бар, жұмысшылардың орнын қысқартпай сақтап қалатын мүмкіндігіміз бар. Дағдарыс келеді және кетеді, ал, адамдар болса қалады. Кім жұмыс істегісі келеді, оған жұмыс бар. Ал, еріншектерге жұмыс жоқ" деп сөзін түйді Мемлекет басшысы.

Осылайша, Назарбаев Қазақстанның жастарын үй-жайлы болмай отау құрмауға үгіттеп отыр. Еліміздегі жастардың дені онсыз да баспанасыз жүргенін ескерсек, Елбасының бұл сөзінен кейін алдағы 5-10 жылда елімізде демографиялық тоқырау орын алуы мүмкін.

Қазақстан билігі тәуелсіздік алғанға дейін және алғаннан кейін де өз жастарын баспанамен толық қамтамасыз ете алмаған. Бүгінгі қарқынмен алдағы онжылдықта да қамтамасыз етуі екіталай. Бұл ретте қазақтың "Бас екеу болмай, мал екеу болмайды" деген мақалы тағы еске түседі. Өйткені, ерте заманда аталарымыз жастарды алдымен үйлендіріп, содан кейін ғана еншісін беріп бөлек шығарған. Яғни, ер азамат отау құрмай дүниесінің берекесі болмайды деген сенім бар халқымызда. 

Мемлекет басшысы қазақтың осынау мақалын жоққа шығарды деп түбегейлі айтудан аулақпыз, әрине. Елбасының айтпағы басқа болуы да мүмкін. Президенттің не айтқысы келгенін Ақорданың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев алдағы бірер күнде "тәпсірлеп" береді деген үміттеміз.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Жанболат
+6 Жанболат 10.03.2016 14:44
Мынауың әбден алжыйын деген екен,Адам қартайса бала болады,Президент қартайса кім болады
Жауап беру
Асыл
+3 Асыл 10.03.2016 18:20
Iстерi шала болады.!!
Жауап беру
Аноним
+2 Аноним 11.03.2016 09:34
Алдымен баспана алу керек дейді. Онда жастар қалай қартайғанын да байқамай қалады. Мемлекет баспанамен қамтамасыз ету мәселесін өте салғырт жүргізіп отыр
Жауап беру
Бақыт
-2 Бақыт 11.03.2016 11:21
Елбасы үйі бардың күйі бар дегенді айтқысы келген болар... Теріс түсініп қалғандар көп осыны.
Жауап беру
BadgerF
0 BadgerF 18.03.2016 23:11
өй чікін-ай, де. аяп кеттім ғой, бұл елбасы бейбақты
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Тұрмысқа шықпаған қыздар тележурналист Маржан Сұлтанбайдың сөзіне өре түрегелді

Қазақстанның бойдақ қыздары бұрынғы қазақтарды надан деп, басы дауға қалған тележурналист Маржан Сұлтанбайды бірнеше бала-шағасы бар қаламгердің төсегі суыған деген болжамы үшін тағы сынның астына алд...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкентте Қазақстанда теңдесі жоқ қолғап шығаратын цех іске қосылды

Қазіргі таңда Шымкентте Казақстандағы жылына 13,5 млн жұп мақта-мата қолғап шығаратын цех іске қосылды. Инвестициялық жоба оңтүстіккореялық инвесторлардың көмегімен жүзеге асқан. Өндіріс орны 0,8500 г...

Korrespondent.kz Экономика

Көптің ызасын тудырған "жартылай жалаңаш" мүсін өзгертілетін болды

Көптің ызасын тудырған Астанадағы «Ғашықтар мүсіні» өзгеретін болды. Қазақстан Парламент мәжілісіне қатысқан Мәдениет және спорт министрі осылай деді. Бұл туралы Қазақстан-zaman мәлімет таратты. ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да есек ұрлап, оны сойып сатумен айналысқан топ қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері есек ұрлап, оны сойып пайда тапқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  Бәйдібек аудандық және Түркістан ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter