Шымкентте екі тұрғын велосипед ұрлауды кәсіп еткен
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 20 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Шымкентте екі тұрғын велосипед ұрлауды кәсіп еткен

Фото: ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкенттің қос тұрғыны велосипед ұрлаймын деп бастары бәлеге қалды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

13 сәуір күні Шымкент қаласы ІІБ Қаратау ПБ-не «Нұрсәт» шағынауданында велосипед ұрланды деген хабар келіп түсті. Сонымен, полицейлерге белгісіз тұлғаның үй подъезінде тұрған бағасы 17 мың теңге тұратын велосипедін ұрлағаны туралы жергілікті тұрғын арызданған.

Жедел іс-шара жүргізу барысында қаланың көшелерінің бірінен ОҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульдік полициясының қызметкерлері бірнеше велесипед тиеп, таксиге мінген екі жас азаматты байқайды. Полицейлер күдіктеніп артынан ере жөнеледі, күдіктілерді Шымкент қаласының базарларының бірінен ұстайды. Олар облыс орталығының 1978, 1982 жылғы тұрғындары болып шыққан. Күдіктілер ұрланған велосипедтерді сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратпақ болған. 
Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктілерден ұрланған 4 велосипед тәркілейді. Сонымен қатар, жас азаматардың қалтасынан бұранда мен тістеуіш тапқан. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Кім кіммен бажа?

Бажа – қазақта туысқандықты білдіретін ұғым. Яғни, апалы-сіңлілі қыздарды алғандардың күйеулері бір-біріне бажа болып келеді. Олардың бір-біріне деген құрметі ерекше. «Екі аяқтыда бажа тату» деген осы...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Қоғам

Тұяқбаевты Түркістанға жіберу керек еді

Соңғы кездері ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев жиі сырқаттанып қалып жүрген көрінеді. Себебі де жоқ емес. Екі оттың ортасында (бұрынғы мен қазіргі командада) жұмыс істеу төзімің темірдей болса да та...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Атың шықпаса, өзіңе «қара пиар» жаса

Бүгінде қарапайым халық атақты адамдар туралы ақпарға келгенде кім көрінген түгілі журналистерге, тіпті оқиға кейіпкерінің өзіне де сене салмайды. Өйткені бұл «папарации», «қара пиар» дегенді бірлесіп...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Әкім тоқал алды

Ордабасы ауданына қарасты бір ауылдың 60-қа келген әкімі жақында тоқал алған ғой. Өзінен шамамен отыз жас кіші келіншекпен жұп жарастырған әкім мұнысы үшін қымсынбайтын көрінеді. ...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter