Шымкенттік дәрігерлер еркектерден қорқып қалған жігіттің туыстарын таппай жатыр
Шымкентте 20 жас шамасындағы ақыл есі дамымаған тұрғынның жақындары іздестіріліп жатыр. Бес айдан бері облыстық жүйке аурулары диспансерінің дәрігерлері науқастың аты-жөнін анықтай алмай отыр. Ол қазір Шымкент қаласындағы арнайы емдеу мекемесіне жабылған. Бұл туралы Отырар арнасы хабарлады.