Атың шықпаса, өзіңе «қара пиар» жаса
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сәрсенбi, 20 сәуiр 2016

 Кіру / Тіркелу

Атың шықпаса, өзіңе «қара пиар» жаса

  • Мақпал ТӨРЕБЕК

Бүгінде қарапайым халық атақты адамдар туралы ақпарға келгенде кім көрінген түгілі журналистерге, тіпті оқиға кейіпкерінің өзіне де сене салмайды. Өйткені бұл «папарации», «қара пиар» дегенді бірлесіп қолдан жасайтындар қаптаған заман болды. Түптеп келгенде «атың шықпаса жер өртеге» саятын осынау дақпырттың өзінен бұрын, оның артында кім тұрғаны көпшілікті көбірек ынтықтыра бастады. Танымал тұлғалардың ешкім білмейтін «құпиясын» жарияға жар салып жеткізіп, елді елең еткізу қаншалықты дұрыс? Сол өзі қазаққа керек пе, жоқ па?

Жуырда ғана кәрістерге еліктеп, алба-жұлба киініп, сырға таққаны үшін «91» тобын жерден алып, жерге салдық. Осылай аз ғана адам білетін бір топтың атағы аспандап шыға келді. Дәлірек айтсақ, аяғын аспаннан келтіреміз деп әйдік қылған өзіміз, яғни, қарапайым халық. Кім біледі, мұның өзі «қара пиарға» сұранып тұрған жоба ма еді... Өйткені осы топқа жетекшілік ететін Ерболаттың «Ордасы» бір кездері қара пиарға қарсы еместіктерін айтып қалып еді. Одан бұрын Аша Матайдың ұзатылардағы құрбыларымен басқосуында киген үнді киімін де жапа тармағай таласа-тармаса жаздық. Көргендер тыйылсын деген ниетімізден де түк шықпады, көп ұзамай мұны үрдіске айналдырғандардың қарасы көбейді. Осылай ашынып «құтын қашырамыз» деп, насихатын асырып жібергенімізді тағы да аңдамай қалдық. Ол беріде ғой, «пәленше мен түгеншенің төбелесі», «Түген деген әншінің аузынан ақ ит кіріп көк ит шықты» деген сынды бейнежазбалар ғаламторда жетіп жатыр. Сол жазба «жылт» ете қалған соң теледидар мен радиодан «ақталу процесінің» жүре бастағанын байқайсыз. Қай арнаны қоссаңыз да алдыңыздан «менмұндалап» тұратын таныс жүз осылай шу артынан бірте-бірте ыстық көріне бастағаны былай тұрсын, тіпті көзіңізге оттай басыла бастайды. Сүйікті адамының сүйкімсіз қылығын сұлу көретін тыңдарман оның жағылған күйесін «ауызбен тазалап» алады. Есесіне, өмірге бұрынғыдан бетер танымал тұлға келеді. 

Бір ғұлама: «Адамдар ай секілді, үнемі өзінің жарық жағын ғана көрсетіп, қараңғы жағын көлегейлейді де жүреді» депті. Шынында «ұят қой» деген қанына сіңіп қалған қазақ үшін о баста «қара пиар» өзін-өзі жерге қарату іспетті көрінетін. Бірақ «үш күннен соң көрге де үйренедіге» салып бұған да ет өлді. Әй, бірақ әлі де болса сол «пиар» дегеніңіздің «ағынан» болмаса, «қарасынан» жасаған тосынсыйыңызды суқаны сүймейтіндердің қарасы қалың. Бұл тізімде қара пиар мен сары басылымға қарсы екенін айтқан Мейрамбек бастаған шоу-бизнес өкілдері жетіп артылады. Естеріңізде болса, осыдан біраз жыл бұрын Мейрамбектің қатты ауыруы да пиарға ұқсас дүние болатын. «Осы Мейрамбектің соңғы концерті екен» деген қауесет қаулай түскенде, Музарттың үш концертінде де зал лық толы болды. Оның дені Мейрамбектің ахуалын көруге келген екені айтпасақ та түсінікті шығар... 

Бір сұхбатында: «Біздегі бір журналист «сіз туралы халық арасында мүлдем айтылмайды, неге сол қара пиарды танымалдылық үшін пайдаланбасқа» деп сұрады. Ол аз десеңіз, бір бейтаныс кісілер мені арнайы іздеп келіп «сізге қара пиарды қолдан жасайық, келісіңіз, аз уақытта бәрі танитын болады деді»,-деп таңданған Досымжан Таңатаров та бір кездері бұл «показдың» бірлесе жасалатынын мойындап қалып еді. «Қара пиарды» жақтырмайтындардың қатарында «Жігіттер» тобы мен Жанар Дұғалова, Айқын Төлепберген де бар. Ал Роза Әлқожа болса: «Мен де бұрын мұндай нәрсеге қарсы емес едім, себебі әлемде бар нәрсе, әйгілі болуы керек деп ойлайтынмын. Бірақ қазір қарап тұрсам, содан басқа бізде проблема жоқтай, елдің назарын арзан, салмағы аз, жеңіл-желпі нәрсеге аударудың түкке қажеті жоқ екен»,-дейді. Айтпақшы, арзан демекші, шынымен әншілердің төбелесі мен балағат сөзі ғана «қара пиар» ма? Ал «папарации» ше? Шын мәнінде қара пиарды қолдану журналистке неге керек? 

«Алысқа бармай-ақ мысал айтайын, елімізде киноиндустрияны дамытып жүрген белгілі режиссердің (нақты дәлелім болмаған соң атын атамауды жөн көрдім) жас қызды құшып отырғанын көзім шалып қалды. Әйелі мен бала-шағасы бар өнер қыранына бұл қылығы жараспайтыны анық. Ендігі жерде қарасам, сол қыз оның фильмінде басты рөлді сомдап жүр. Сондағы ойыма келгені, «әттең, сол кезде фотокамерам болғанда ғой...»... «Сырты бүтін, іші түтін» санатындағы осындай азаматтардың нағыз болмысын тек папараци ғана ашпаса, ресми БАҚ оны ұсақ-түйек деп қарайды»,-деп жазды журналист Мәриям Әбсаттар. Иә, расымен де түздегі қылығынан қымсынбайтын кей өнер иелерінің дандайсып кеткені сонша «жеке өміріне» тұмсығын сұққандарға көз алартуды да әсте естен шығармайды. 

Ал енді «қара пиармен» танылғандардың аз-маз топтамасын жасап көрелік. Соңғы жылдары жоғарыда айтқанымыздай, жеке өмірін жасырын ұстау арқылы елдің қызығушылығын оятып жүрген әншілеріміздің қатары көбейіп келеді. Бұлардың алғашқысы жүрегінің «ауырмайтынын» ұдайы айтып жүретін Нұртастың баласы. Отбасы төңірегіндегі сұрақтан ат тонын ала қашатын ол біраз концерттерінде: «Кім айтты мені үйленді деп? Мүмкін мен үйленбеген шығармын...»-деп талай қыздың жүрегіне үміт ұялатты. Әйткенмен былайғы жұрт оның әйелі барын айтып, «қара пиарды» қолдан жасап беріп жүр. Мұнан соң қазақша хиттерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген Төреғали Төреәлі де бұл тізімді тізгіндеп тұр. «Үйленбегем негізі, түрім өзі осындай» деп әндететін жұлдыз журналистерді: «Қатты үйленбегем негізі» деген қағытпа жауабына қарық қылып әуре. Сонымен қатар жуырда ғана «Алломен» жұртшылықтың құлақ құрышын қандырған ол Ерке Есмеханның продюсері Есентаеваға екі жаққа теңдей бөлінуі керек қаражаттан түк бермегенге ұқсайды. Оған ашынған продюсер: «Ерке онымен енді концертке бірге бармақ түгілі ән де айтпайды» деп қалды. Қарағандыдағы концертте, шынында бірге ән салмаған екеудің арасындағы түсініспеушілік рас па, өтірік пе? «Қара пиарға» иек артуға құмартушылар қаптағандықтан мұның да астарында қандай ой тұрғанын Құдай біледі, әрине... Бірақ Ерке мен Баян да бір кездері қара ма, сары ма ешқандай пиардың түрін қолданбаймыз деген-ді. 

Айтпақшы, «қара пиармен» әнші атанған Сайлаубекті айтуды ұмытып барамыз... Бет-аузы көкпеңбек болып жүрген маскүнемнен аяқасты әнші, анау-мынау емес, үлкен сұранысқа ие әншіні жасап шығару кімнің қолынан келуі мүмкін?! Әрине, қара пиардың... Ал оған қара пиарды қарапайым халықтың өзі жасап берді деуге болатын сияқты. «Соқ, соқ соқ! Жұдырықты серме!» деп әндеткен Бейбіт Қорған да жұдырығын сермеп жіберген қара пиардың құрбаны деген болжам бар.

Еліміздегі пиар туралы жалғыз кітаптың авторы Қуат Домбай: «Қара пиар әртістердің атақты болуына жол ашады. Бірақ атақты болу бөлек, сыйлы болу бөлек»-деген еді. Шынында да атақ үшін абыройынан айырылып жатқан талай әртістерді көріп жүрміз. Ең қызығы, бір дүрліккен дүйім ел аздаған уақыттан соң аталмыш шуды лезде ұмытып кетеді. Есесіне, беймәлім есім ел есінде қалып қояды. Сондықтан сахнаға енді келгендер де, ән әлемінің майталмандары да сырттай «жоқ-жоққа» басып, байбалам салса да, іштей қара пиарды құп көруі бек мүмкін. Өйткені ешкім де өзіне жасаған «қара пиарды» жарияға жар салып айтпайды ғой... 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Кім кіммен бажа?

Бажа – қазақта туысқандықты білдіретін ұғым. Яғни, апалы-сіңлілі қыздарды алғандардың күйеулері бір-біріне бажа болып келеді. Олардың бір-біріне деген құрметі ерекше. «Екі аяқтыда бажа тату» деген осы...

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ Қоғам

Тұяқбаевты Түркістанға жіберу керек еді

Соңғы кездері ОҚО әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев жиі сырқаттанып қалып жүрген көрінеді. Себебі де жоқ емес. Екі оттың ортасында (бұрынғы мен қазіргі командада) жұмыс істеу төзімің темірдей болса да та...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Атың шықпаса, өзіңе «қара пиар» жаса

Бүгінде қарапайым халық атақты адамдар туралы ақпарға келгенде кім көрінген түгілі журналистерге, тіпті оқиға кейіпкерінің өзіне де сене салмайды. Өйткені бұл «папарации», «қара пиар» дегенді бірлесіп...

Мақпал ТӨРЕБЕК Мәдениет

Әкім тоқал алды

Ордабасы ауданына қарасты бір ауылдың 60-қа келген әкімі жақында тоқал алған ғой. Өзінен шамамен отыз жас кіші келіншекпен жұп жарастырған әкім мұнысы үшін қымсынбайтын көрінеді. ...

Korrespondent.kz Монша ішіндегі әңгіме

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter