Шымкенттік полицейлер жезөкшелерден ақша бопсалап, оларға "крышевать" еткен (видео +18)
Шымкенттік жігіт полицейлерден қаланы жезөкшелерден тазартуын өтінді. Тіпті дәлел болуы үшін теміржол вокзалы аумағында жеңіл жүрісті қыздардың бірімен тілдесіп тұрған сәтті видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерге салды. Онда 1995 жылғы қыз жігіттің көлігіне отырып, өз кәсібі туралы қымсынбай айтып берген.
Тәнін саудалайтындардың белгілі бір өз ставкалары бар. Сағаты 3000 теңгеден басталады екен. Таңға дейін бірге болу үшін 10 мың теңге сұрайды. Бір қызығы түнгі көбелектерге де, олардың клиенттеріне де құзырлы мекемедегілер кедергі келтірмейді. Себебі жергілікті органдағылардың лауазымды қызметкеріне (басшысына) әрбір жезөкше ай сайын 5000 теңгеден жинап беріп отырады екен. Осылайша шенділер түнгі көбелектерді өз қамқорлығына алыпты.
Жеңіл жүрісті қыздың айтуынша, теміржол вокзалы аумағында жүз шақты бойжеткен клиентке қызмет көрсететін көрінеді.
(Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер айтылады)