Қақаған қыста аяқжол салатындары несі?
Кешегі бір күндік жаңбыр Шымкенттегі шала жұмыстарды су бетіне қалқып шығарғандай болды. Басқасын айтпағанда, жаяу жүргіншілер жаңадан төселген аяқжолдарда су кешіп, арақ ішіп алған адамдай әр жерден бір басып жүруге мәжбүр. Өйтпегенде ше, толарсақтан келетін топан су ағып кететін жол таппай, жаңадан төселді делінген «тротуарларда» жиналып, кішігірім көлшікке айналды емес пе?!