ОҚО-да тұрғындар қажет етпеген әкім Мәжіліске депутат боп кетті
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданын басқарып келген Уәлихан Қайназаров "Нұр Отан" партиясы атынан Мәжіліске сайланған 84 депутаттың қатарынан орын алды. Аудан әкімі кезінде ол тұрғындар тарапынан да, журналистер тарапынан да жиі сынға ұшыраған болатын, деп жазады SKIFNEWS.KZ.
Сынға ұшырайтынындайы да бар. Ол басқаратын Сайрам аудандық әкімдігі 2006 жылдан бері бір жерді бірнеше адамға сатып, әр қайсысына құжаттарын заңдастырып берген. Арты былыққаннан кейін әкімдік әлгі жер телімдерін қайта қайтарып алыпты. Салдарынан жерге таласқан халық бір-бірінің жағасын жыртып, ең соңында әкімнің кетуін Шымкентке келіп талап етті.
Тұрғындардың айтуынша, әкімдіктегілер қарапайым халыққа үлестірген жерін өз туыстары мен бай-бағландарға қайта сатып жіберген көрінеді. Тіпті, кейін тегін де таратып берген дейді олар. Ал, бұл былықты алғаш естігенін айтқан Қайназаровқа сайрамдықтар сенбей, орнынан кетуін талап етті. Ашынған жұрт әкімнің қызметтен жай ғана кетпей, "табанын жалтыратып", істеген былықтары үшін жазасын алсын деп талап еткен болатын. Алайда, жаза былай тұрсын, "Нұр Отан" партиясының басшылары Қайназаровқа үлкен үміт артып, Мәжілістегі 84 орынның бірін тапсырды.
- Уалихан Кайназаров
- Уәлихан Қайназаров
- нұр отан
- ҚР Парламент Мәжілісі
- Корреспондент
- қызық ақпарат
Если напечатанное в самом деле имело место быть, то данными фактами должны заниматься компетентные органы.
заключением расследовании неприменно должны ознакомится депутаты Мажлиса РК, Ген прокуратура.