Сайлау кезінде орыс тілін білмегені үшін шымкенттік мұғалімнің намысы тапталды (видео)
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 26 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Сайлау кезінде орыс тілін білмегені үшін шымкенттік мұғалімнің намысы тапталды (видео)

Шымкенттік мұғалім сайлау күні көзі жасқа толып, намысы тапталғанын айтты. Айтуынша, оған орыс тілін білмеуі себеп болыпты. Ғаламторда тұрғынның көзіне жас алып тұрып берген сұхбаты пайда болды. «Шымкент қаласында 2016 жылы 20 наурыз сайлау кезінде болған оқиға. Орыс тілін шалажансар білгені үшін қазақ мектебінің ұстазы орыс ұлтының өкілінен балағат сөздер естіген» деген жазбамен жария етілген видеода әйел азаматы өз әңгімесін сайлау барысында келеңсіз жайтқа тап болғанынан бастаған.

«Дауыс беруге келіп жатқанда келеңсіз оқиғаға тап болдым. Анығын айтқанда, орыс ұлтының азаматы біздің мұғалімдерге «сендер орысша білмейсіңдер, орысша сөйлей алмайсыңдар. Жұмыстарыңды босатыңдар. Неге отырсыңдар, Назарбаев сендерге не айтты?» деген сияқты өктем-өктем сөздер айтып, біздің намысымызды жерге кіргізердей болды... «Сен кімсің, сені жұмыстан шығару керек. Сен орысша сөйлей алмайсың да, білмейсің де» деген сияқты әңгімелер айтты. Сайлауға келіп, осындай намысым тапталғанынан мен қорланып бара жатырмын... Бұл қалай енді? Мен оған ешқандай артық сөз айтпасам, білгенімізше айтып жатырмыз. Енді біз қазақ мектебінде қазақ ұлтын тәрбиелеп отырып, мен не үшін анаған да, мынаған да орысша сөйлеуім керек?» деп ашынған мұғалім.

 

 

Медиа

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Ертiс
-3 Ертiс 23.03.2016 11:22
Allahu tagala kazakhtarga mumkindik berdi el kildi, mumkindikti paidalana almasandar ari jagi Allahga ayan.
Жауап беру
Іле
+3 Іле 23.03.2016 13:10
Қазақ даласынан аулақ жүрші, жетілмей қалған уаххаб
Жауап беру
жанарбек
-1 жанарбек 23.03.2016 11:23
эфффект доминоооооооооооооооооо
Жауап беру
адай
+30 адай 23.03.2016 11:37
алжаскан шалдын кесиринен намысымыз тапталды
Жауап беру
Қазақ
+11 Қазақ 23.03.2016 12:58
Өл шал. Басқа айтар сөз жоқ саған
Жауап беру
Бағила
+17 Бағила 23.03.2016 13:47
Мынау не деген сұмдық.Тəуелсіз елде тұрып ,өз ана тілінде сөйлей алмаса,өзге ұлт өкілдеріне намысын таптатып халқымның жүрегі қан жыласа .Балық басынан шіриді деп бекер айтпаған.Елбасының бір ауыз сөзін алға қойып отыр ғой.
Жауап беру
Борат
+15 Борат 23.03.2016 14:13
Қайдағы намыс, біздер Бораттармыз, кім көрінген бізге аяғын сүртеді. Алжыған ҚАҚБАСҚА сыйынып жүре берейік )
Жауап беру
Бисенгали
+18 Бисенгали 23.03.2016 15:20
Қазақ тилин сойлей алмайтын, қазақ тилин тусинбейтин қазақстан да тұратын орыстарды ату керек немесе қақ маңдайдан ұру керек
Жауап беру
Мира Нурбаева
+12 Мира Нурбаева 23.03.2016 15:54
Патшамыз шаршады тақ беретин тури жок Қазақты құрдым өзім құртам деп жатқан шығар өз туған туысын аман есен сактап, қалған елге тукиргеним бар дейди аудим дал осындай жагдай меним басымнанда отти.Елимиз құрып барады бірлікте ынтымакта жок жай гана коз бояушылық
Жауап беру
патриот
+2 патриот 23.03.2016 23:42
Алжыған
Жауап беру
Зейнеткер
0 Зейнеткер 24.03.2016 01:47
Қайтеміз енді.
Жауап беру
Мират Ахметов
+3 Мират Ахметов 24.03.2016 10:09
ертис не оттап отырсын
Жауап беру
Қанат
0 Қанат 24.03.2016 12:19
Өтірік біреулердің ойлап тапқаны ғой. Түк шындыққа жанаспайды. Ай ақымақ аңқау қазақ соған дүре жүгірмекші. Арандатулар мен шаптаушылардан сақ болайық.
Жауап беру
Күйдірдің-ау НӘН
+3 Күйдірдің-ау НӘН 25.03.2016 13:22
Тілімізді өзге жұртқа жығып бердің-ау Нұреке. Сенің кесіріңнен өз жерімізде отырып өгей баланың күйін кешкенімізді халқың кешіре ме, соны ойлан. Төрінен көрің жақын қалғанда абыройсыздыққа душар болма. Саған Құдайдай сенген халқың үшін шын Құдайдың алдында жауабыңды дайында.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО полицейлерін «козел» деудің астарында не жатыр, артында кім тұр?

Наурыз мерекесі басталарда Оңтүстік жұрты кәдімгідей дүрлігісіп кетті. «Сайлау қалай өтеді екен?» деп дүрлігіскен шығар деп ойласаңыздар қатты қателесесіздер. Оған дүрлігіспейтіні – шымкенттіктер қай ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да тұрғындар қажет етпеген әкім Мәжіліске депутат боп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданын басқарып келген Уәлихан Қайназаров "Нұр Отан" партиясы атынан Мәжіліске сайланған 84 депутаттың қатарынан орын алды. Аудан әкімі кезінде ол тұрғындар тарапын...

Korrespondent.kz Қоғам

"Нұр Отан" атынан Мәжіліске баратындардың есімдері белгілі болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңес бюросының отырысы өтіп, онда Мәжіліске "Нұр Отан" атынан баратын депутаттардың тізімі бекітілді. Бұл тур...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter