Шымкенттік тұрғындар шенеуніктерге ашуланып отыр
Шымкентке қарасты Тұрлан елдімекенінің халқы жол азабын тартып отыр.Тұрғындар ауруханаға баратын жолдың жылдар бойы жөндеу көрмей келе жатқанын айтады. Жергілікті халық жауын-шашын кезінде ластанған арық-атыздар да берекемізді алады деп отыр, деп хабарлайды Отырар арнасы.
Науқастарды емдеу мекемесіне жеткізетін жедел жәрдем дәрігерлері де осы тар, ой-шұңқыры көп жолдан өтуге мәжбүр. Амбулаторияға баратын жалғыз жол кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген. Нөсер жауында бұл жерден қатынау тіпті мүмкін емес дейді тұрғындар.
Тұрландықтар кірме жолдың жайын айтып, бармаған жеріміз қалмады дейді. Жолдың ахуалынан хабардар шенеуніктер уәде беруден әрі аса алмай отыр деп ашынады жұрт.
Ал Шымкент қалалық автомобиль жолдары бөлімінің мамандары бұл түйткілді жолдың жайын жақсы білетіндерін айтады. Жауаптылар тиісті шаралар көрілетініне сендіріп, тағы да уәдесін үйіп төкті.
Тұрландықтар жол азабын ғана тартып отырған жоқ, ирригациялық жүйелерден де көресіні көріп отыр. Айтуларынша, қолданыстағы бетондалған арық-атыздар қоқысқа толы. Жауын шашында бұл маңай көлдеп, жұртшылықтың мезі етеді.
- шымкент
- Ғабидолла Әбдірахымов
- Шымкент қаласы
- жол азабы
- Корреспондент
- қызық ақпарат