Шымкентте «Саиль-Қошқар Ата» көктем мерекесі өтті
Шымкентте «Саиль-Қошқар Атай көктем мерекесі өтті. Бұл шарада асыл тұқымды қошқарлардың үздігі анықталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекеге орай қошарлардың үздігін ғалымдар анықтаған. Олар төрт түліктің бірі болып табылатын қойдың тұқымына зерттеу жүргізген. Нәтижесінде қазығұрттық шаруа иелігіндегі қошқар үздік деп танылып, оған 300 мың теңге көлемінде қаржы сыйлыққа табыс етілді.
Көктем мерекесі барысында тұрғындар мен қала қонақтары Қошқар Ата демалыс аймағында өткен көрмені тамашалады. Онда қазақтың ұлттық бұйымдары қойылған. Одан өзге келушілер ұлттық ойындар бойынша өзара күш сынасып, сыйлықтарға ие болды. Ең қызығы, палуандардың иықтарына қошқарды салып, білектіліктерін сынауы болды. Алғашында қазығұрттық азамат 17 рет иығындағы қошқарымен отырып-тұрып еді, төлебилік азамат Біржан Қосалиев қарсыласын шап қаптырып, 34 рет отырып-тұрып, қошеметке бөленді. Нәтижесінде додадағы қошқар қарсыластарын жеңіп шыққан Біржанға табысталды. Айтпақшы, қошқар салмағы - 85 келіні құрайды. Осы ретте айта кетейік, жалпы «Саиль – Қошқар Ата» көктем мерекесі соңғы рет жүз жыл бұрын тойланған. Ата-бабаларымыз аталған өзен маңына жиналып, көктем мерекесін думанмен атап өтіп, мал сойып, құрбандық шалған.
- Саиль Қошқар Ата
- Наурыз
- думан
- Корреспондент
- қызық ақпарат