ОҚО полицейлерін «козел» деудің астарында не жатыр, артында кім тұр?
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 26 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО полицейлерін «козел» деудің астарында не жатыр, артында кім тұр?

Фото: baursak.info

Наурыз мерекесі басталарда Оңтүстік жұрты кәдімгідей дүрлігісіп кетті. «Сайлау қалай өтеді екен?» деп дүрлігіскен шығар деп ойласаңыздар қатты қателесесіздер. Оған дүрлігіспейтіні – шымкенттіктер қай үміткердің депутат болатынын «примерно» білетін. Шымкенттіктерді дүрліктірген ешқандай да сайлаудың жайы емес еді. Оларды дүрліктірген Әсет Әссанди дегеннің «Фейсбук» әлеуметтік желісінде отырып алып, бүкіл өңірдің құқыққорғаушыларын көздерін бақырайтып қойып «козел» деп сөгуі еді. Бұқаралық ақпарат құралдары тарихында мұндай оқиға ешқашан болмаған. Жұрттың дүрлігіп кеткені де сол еді.

 

Қазақы түсінікке салсақ та, заңға жүгінсек те полиция дегеніңіз өкіметтің адамы. Ал өкімет өзінің өкілін ешқашан қорлатып қоймайды. Кеше солай болған. Бүгін де солай. Ертеңгіні Құдай біледі. Рас, Әсет Әссандиға дейін де полицияны әжуалап әңгіме айтатындар болған. Тіпті анекдоттар да бар. Алайда Әссанди бұл жазбаларында анекдот айтқан жоқ. Тәуелсіз мемлекеттің полициясын саналы түрде қорлады десе болады.

Мұндай қадамдарға кімдер барады? Біздіңше, мұндай қадамдарға не сұмдық батыр адамдар барады, не сенгені мықты адамдар барады. Бұл екеуі де болмаса, онда әшейін жәй бәлеқор біреу болғаны. Иә, оның бұл әрекетін көктемнің көкөзек шағымен байланыстырғандар да болды. Алайда кейіннен белгілі болғанындай, Әссандидің тәртіп сақшыларын «козел» деп тілдеуіне көктемнің түк те қатысы жоқ екен. Сосын мұндай қадамға полицияны көпшілікке жеккөрінішті етіп, тергеу амалдарын басқа жаққа бұрып жіберу ойы бар адамдар баруы мүмкін...

Сонымен Әссанди кім болды, өзі? Бәлкім Әссанди шынында да батыр шығар? Біздің қоғам оның жүрек жұтқан батырлықтарын мойындамай жүрген болар? Жоқ, батыр деуге келмейді. Батыр деуге келмейтіні мен деген батыр ең бірінші кезекте Ананы сыйлайды, Ақынды сыйлайды! Қазақтың қай батыры ақынының абыройын түсіріп әңгіме айтыпты? Әсет Әссандидің марқұм Әбілда Аймақты өле өлгенінше жамандап мақала жазғанын елдің бәрі біледі. Марқұмның ата-анасы азан шақырып қойған Әбілда деген атын «Маймылда» деп жазушы еді ғой. Әссандидің желге қарсы шаптыра айтқан сөздері жалғыз Әбілда Аймаққа емес, қазақтың арда ақындары Нармахан Бегәлиевке де, Ханбибі Есенқарақызына да, Бақытжан Алдиярға да тиіп жатты. Батыр адам осылай істей ме? Әбілда Аймақ, Нармахан Бегалиев, Бақытжан Алдиярларды мақұл еркек делік, бұл Әссандиіңіз Ханбибі Есенқарақызын тіпті заты әйел еді-ау деген жоқ қой. Ханбибі Есенқарақызы әйтпесе анасындай адам емес пе?! Ана сыйласа, ақын сыйласа, осылай істей ме?! Бұл – бір. Екінші, осы Әсет Әссандиіңіз біреуден жеуге ет алып, оның ақшасын төлемей кеткендігі үшін сотқа тартылып, ақыр аяғында ет иесінен сотта жалынып, жалбарынып, кешірім сұрап, жаны әрең қалыпты дегенді де естіп едік қой. Ендеше Әссандида қаңғып жүрген ненің батырлығы?!

Екінші нұсқа – сенген адамының мықты біреу екендігі. Жоқ, бұл да келмейді. Біріншіден, шынымен мықты адам, тегінде титімдей де болса қасиет бар адам қанша мұқтаж болып бара жатса да Әссандиді жанына жуытпайды. Ұлттың сөз сөйлерлері – ақындарын тілдеп

жүрген адамды қасына жақындатып, ертең тарихта кім қара таңбамен қалғысы келеді дейсіз?! Сосын мұның зарары жеті ұрпағына тиетінін білмейтіндей ел басқарғандарды шіли Құдай ұрып па?! Басқа-басқа, ішкен-жегенінің ақшасын тауып бере алмайтын немесе соны пайда көретін адаммен мүдделес болуды айтасыз, таныс болудың өзі орысша айтқанда «за подло» ғой. Демек, бұл нұсқа да шындыққа сәйкес келмейтіндей.

Бәлкім бұл қадамға ол расымен-ақ көпшілікке полицияны жеккөрінішті етіп, әлдебіреулерді қылмыстық істен құтқарып қалу үшін барды ма екен? Мұны енді білмейміз. Бұл орайда білетініміз біреу ғана. Біздің білетінімізді сіз де біле отырыңыз, сосын өзіңіз ой түйерсіз. Сонымен көз жүгіртіңіз, облыстық ішкі істер департаментіндегі мәліметтер былай сөйлейді:

2015 жылы 29 желтоқсанда түнгі сағат 01-30-дар шамасында Шымкент қаласындағы «Алматы» кафесінің маңында Құрбанәлі Нұрлыбек Әділұлы есімді (17.04.1998 ж.т.) күдікті К. Барат, Н. Мұрат дегендермен бірлесіп, Шымкент қаласының тұрғыны Бақберген Нысановтың құны 80 мың теңгелік ұялы телефонын күш қолдана отырып, тартып алады. Бұл факт осы күні ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы 2 бөлімі 1,3 тармақтары бойынша Абай аудандық полиция бөлімінде тіркеуге алынады.

Алайда сүйенгені, сенген көкесі мықты болған шығар, бұл жағдайдан Нұрлыбек Құрбанәлі ешқандай қорытынды шығармайды. Осы оқиғадан кейін араға небәрі екі-ақ апта салып, 2016 жылы 12 қаңтарда ол Шымкенттегі Пушкин атындағы кітапхананың маңында қасында Аят Әсетұлы Әссанди (16.07.1998 ж.т.) бар Өтеген Бақдәулет Сапарбайұлының құны 15 мың теңгелік және 10 мың теңгелік «Нокия» телефондарын, Жұмадилла Әсет Сейдуллаұлының құны 70 мың теңгелік «Айфон-5», құны 10 мың теңгелік «Нокия» телефондарын күш көрсету арқылы тағы да тартып алады. Бұл факті де Абай аудандық бөліміне тіркеуге алынады. Осы қылмыстық іс бойынша Құрбанәлі Нұрлыбек пен Аят Әссандиден күдікті ретінде жауап алынады.

Осы қылмыстық істер бойынша Құрбанәлі Нұрлыбек пен Әссанди Аяттың кінәлары толық дәлелденеді, олардан айғақты заттар алынады. Қазір бұл екеуі де құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүр.

Енді бұл екеуінің өкімет адамдарын ашықтан-ашық «козел» деп тілдеп отырған Әсет Әссандиға не қатысы бар дейсіз ғой? Мұны да айтайық. Күдікті Аят Әссанди осы Әсет Әссандидің ұлы! Ал Құрбанәлі Нұрлыбек Әділұлы Әсет Әссандидің туған күйеу баласы, яғни қызының күйеуі! Әсет Әссандидің бұлардан үлкен баласы Мақсат Әссанди суық қарумен үш адамды атқаны үшін үш жарым жылға шартты(!) түрде сотталған. Оның жаза мерзімі әлі біткен жоқ, білуімізше енді басталды.

Міне, полицияны «козел» деп тілдеп отырған адамның сиқы! Енді оның осынау әрекеттерінің ар жағында не тұрғанын өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз. Біздіңше ол көпшіліктің құқыққорғаушыларға деген ызасын ояту арқылы қылмыстық істің одан әрі тергелуіне барынша кедергі жасауға тырысып отырған сияқты болып көрінеді. Әйтпесе балалары ақ болса, адал болса неден қорқады? Тіпті балалары шынымен қылмыс жасаса да басқа-

басқа, Әссандидің қорқатын жөні жоқ. Үлкен баласы бір емес, бірнеше адамды атып, талтаңдап бостандықта жүргенде, нәйеті біреулерді ұрып-соғып телефондарын тартып алғанға бола мына балалары қамалып кетеді ғой дегенге кім сенеді?! Тек біреулерді «козел» деп сөгуден бұрын адам өзіне, балаларына бір қарап алса ғой, шіркін! Кімге күлгендейсің, кімді сынағандайсың?!

«Корреспондент – ақпарат».

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Қойшыбек
+1 Қойшыбек 24.03.2016 11:41
Не деген масқара? осы бір Асет деген тиыш жүрмейтін біреу екен. Бала-шагасымен косылып кылмыскер ма, немене бәле?
Жауап беру
Мақпал
-1 Мақпал 24.03.2016 11:43
Ужас! Бұл кісіне мықты журналист білімді деп жүрсем. Фейсбукта ақылшы болып отырады ғой. Мен адам танымайды екенмін.
Жауап беру
Жандос
0 Жандос 24.03.2016 11:45
Policeilerge til tigizu kilmis koi. Kozel dep aitkani ushin plotno koraga kiretin bolipti goi
Жауап беру
Манарбек
0 Манарбек 24.03.2016 14:01
Мәссаған! Маскасы плотно шешіліпті ғой көкеміздің)))
Жауап беру
Нурдаулет
0 Нурдаулет 24.03.2016 14:03
Коп журген жылан аягын корсетіпті гой. Аягы жаксы болмайды бул кисинин.
Жауап беру
айдар
0 айдар 24.03.2016 14:49
Асанди мырза енди фейсбукқа тыныштық беринизши, ойнызга не болса соны жаза бересиз, сизден шаршап кеттик
Жауап беру
Фатима
0 Фатима 25.03.2016 10:00
әсет әссандиді журналист деп атауға болмайды, себебі ол журналистика факультетінде оқып, кәсіби жоғары білім алмаған. Тигенге тиіп тимегенге с....н шашып жүретін біреу... Білікті, білімді ЖУРНАЛИСТЕРДГЕ тіл тигізіп жүрген журналистсымақ....
Жауап беру
Бақтияр
0 Бақтияр 25.03.2016 11:29
Қайдағы журналист ол?! Өз ісін сүйетін маман өз саласын былғамайды. Ол жұмыс таппаған соң елді газет арқылы қорқытып-үркітіп күн көріп жүрген бір бейшара пенде ғой. Өлдің, Әссанди, қор болдың! Маскаң шешілді!
Жауап беру
Сырым
0 Сырым 26.03.2016 13:22
Мына балдардың жүгенсіз кетуіне жалғыз әке кінәлі емес, шеше де кінәлі ғой. Әкесінің кім екені мәлім болды, шешесі не істеп жүр, балаға қарамай? Сосын күйеу баласы дейсіңдер, туған жылына қарасаң кәмелеттік жасқа толмаған ғой. Қызы қаншада сонда? Күйеуге қанша жасында тиген? Қате жазылмаған ба?
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

ОҚО полицейлерін «козел» деудің астарында не жатыр, артында кім тұр?

Наурыз мерекесі басталарда Оңтүстік жұрты кәдімгідей дүрлігісіп кетті. «Сайлау қалай өтеді екен?» деп дүрлігіскен шығар деп ойласаңыздар қатты қателесесіздер. Оған дүрлігіспейтіні – шымкенттіктер қай ...

Korrespondent.kz Қоғам

ОҚО-да тұрғындар қажет етпеген әкім Мәжіліске депутат боп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданын басқарып келген Уәлихан Қайназаров "Нұр Отан" партиясы атынан Мәжіліске сайланған 84 депутаттың қатарынан орын алды. Аудан әкімі кезінде ол тұрғындар тарапын...

Korrespondent.kz Қоғам

"Нұр Отан" атынан Мәжіліске баратындардың есімдері белгілі болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңес бюросының отырысы өтіп, онда Мәжіліске "Нұр Отан" атынан баратын депутаттардың тізімі бекітілді. Бұл тур...

Korrespondent.kz Саясат

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter