ОҚО-да комиссия төрағасының орынбасары бюллетеньдерді жеке куәліксіз таратуға рұқсат берген (видео)
Оңтүстік Қазақстан облысында сайлау учаскелерінің комиссия мүшелерін саяси науқанның заң талаптарына сай өткенінен гөрі, сайлаушы саны алаңдатқан. Қазығұрт ауданындағы №333 сайлау учаскесінің бақылаушылары осындай жайтқа тап болды. Яғни, комиссия төрағасының орынбасары Шералхан Ибрагимов заңсыздықты байқаған байқаушыларға жеңістік бермеген. Оның ойынша бюллетеньдерді жеке басты куәландыратын құжат көшірмесімен беру заңға қайшы емес екен. Тіпті көлік жүргізу туралы куәлікпен де азаматтар өз таңдауын жасауына болады екен. Ол аз дегендей, төраға орынбасары ауылдың бәрін беске танитынын, барлығына өзі жауап беретінін кесіп айтқан. Онымен қоса Астанадан келгенін, ертең бас қалаға қайта кететінін де айтып қалған. Бір қызығы, тұрғындардан сұрағанымызда, Ибрагимов мырзаның ешқандай да өзге қаладан келмегені белгілі болды. Сонымен қатар Шералхан Ибрагимов сайлауға дауыс беру құқығына ие халықтың тең жартысы қатыспаса, жоғары жақтан сөз естіп қаламын деп қорыққан секілді.
«Ертең сайлауға 50 процент қатыспаса, «отмен» жасайды... Сосын айтады, қайда қарап отырсың деп»,- деді төраға орынбасары. Шералхан Батырұлы жерлестерінің саяси науқанға деген көзқарасын жақсы білсе керек, бұл сайлау учаскесінде дауыс берушінің тек 48 пайызы ғана өз таңдауын жасады. Айта кетейік, №333 сайлау учаскесінде 1796 сайлаушы тіркелген.
Медиа
- ОҚО
- сайлау
- выборы
- Қазығұрт ауданы
- шымкент
- Әлібек Өмірәлиев
- қызық ақпарат