ОҚО-да 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Сенбi, 19 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-да 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Фото: gdb.rferl.org

Кәсіпорындардан жұмысшылар санын қысқартпауды сұранып, жан-жақты бақылау болса да, биыл 500-ге жуық азамат жұмыссыз қалады деген болжам бар. Мұндай санды облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы айтты, деп хабарлайды Отырар арнасы. Оған себеп те бар. Былтырғы болжам дұрыс түсіп, 600 оңтүстікқазақстандық жұмыссыз қалған екен. Өңірде көптеген меморандум түзілгенімен, жұмыстан қысқарғандар саны азаймай отыр. 2016 жылдың алғашқы үш айында өзінде 75 адам жұмысынан қысқарып, қиындыққа тап болған.

 

Жұмысынан қысқарған азаматтардың тең жартысы сақтандыру қорынан тиесілі әлеуметттік жәрдемақы алған. Биыл да бұл жұмыстарын жалғасын табады. Ал қысқартуға түскендердің басым бөлігі Шымкенттен болса, олардың көшін Кентау мен Түлкібас аудандарының азаматтары жалғап тұр. «Өндіріс орындағы қысқартуды болдырмау, білікті мамандарды сақтап қалу мақсатында түрлі шаралар қолға алынып отыр. Биыл кәсіпорындарға мемлекет тарапынан субсидиялау қарастырылып отыр. Есесіне субсидия алған өндіріс орны үкіметтің берген бірнеше талабын орындап, қарамағындағыларды жұмыссыз қалдыруға құқы жоқ»,-деді ОҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы. 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Назарбаевтың жиені Әлиевтің жұмыстан не үшін кеткені белгілі болды

Астана қаласы әкімінің орынбаары болған Нұрәлі Әлиевтің қызметінен кету себебі белгілі болды. Лауазым иесінің жұмыстан кетуіне ешкім түрткі болмаған. Бұл туралы ол отандық ақпарат құралдарының біріне ...

Korrespondent.kz Саясат

Шымкент жаңбыр суының астында қалды (фото+видео)

Шымкентте толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қала кәдімгідей өзенге айналды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Елбасы 2740 теңгеге сауда жасады

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Greenwich» гипермаркетін аралап, бешбармақ кеспесін, қарақұмық пен шай, қаймақ, нан, ірімшік, қымыз сатып алды...

Korrespondent.kz Қоғам

Жындыханаға жатқызылған Маржан Тұрлыбаеваның дені сау болып шықты

Өмірінің соңына дейін Түркістандағы жындыханаға жабылған бойжеткен Маржан Тұрлыбаеваның ақыл-есі кем емес болып шықты. Яғни, 19 жастағы бойжеткеннің қоғамға ешқандай қаупі жоқ. Соңғы тағайындалған сар...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter