52 жастағы шымкенттік тұрғын өзге жолаушының миллион теңгесін қолды етті
Көлік полициясы жолаушылар пойызында жолаушының миллион теңгесін ұрлаған 52 жастағы Шымкент тұрғынын ұстады. Бұл туралы көліктегі ІІД баспасөз қызметі мәлімет таратты.
Шымкент стансасының желілік ішкі істер басқармасының кезекшілік бөліміне Алматы облысының 50 жастағы тұрғыны «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында құжаттары мен ақша салынған әмиянын ұрлап кеткен бейтаныс адамға қатысты шара қолдану жөнінде арыз түсірді. Зардап шегушінің айтуынша, әмиянында 1 015 000 мың теңге ақшасы болған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласының 1964 жылы туған азаматын ұстады.
Күдікті кінәсін мойындап, ұрлаған ақша үйдің ауласында жасырулы екенін айтып берді.
Жоғарыда аталған факті ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру реестріне тіркеуге алынды.
- кража
- ұрлық
- ақша ұрлау
- тонау
- шымкенттік тұрғын
- шымкенттік азамат
- Корреспондент
- қызық ақпарат