Педофилдер туралы сайт пайда болуы мүмкін
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жұма, 18 наурыз 2016

 Кіру / Тіркелу

Педофилдер туралы сайт пайда болуы мүмкін

09region.kz
  • Бекжігіт МӘУЛЕНОВ

Қазақстанда балаларға қатысты нәпсіқұмарлық қылмыс жасап, сотты болғандар туралы мәлімет жариялап отыратын интернет сайты пайда болуы мүмкін. Елдің бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель құқықтық әділдікті дамыту жайы сөз болған халықаралық конференцияда Қазақстанда осындай жоба әзірленіп жатқанын хабарлады. 

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бұл жаңалықты желі қолданушылары жаппай құптап отыр. Кім кімге болса да айналасында кімдердің жүргені шынымен-ақ қызық. Қатыгездік қалыпты боп бара жатқан уақытта біз кейде көршіміздің кім екенін де біле бермейміз. Педофилдер туралы ақпарат жарияланатын сайт ашу арқылы еліміздің Бас прокуратурасы осынау қылмысты азайтуды көздеп отыр. «Ол сайтта «маньяктар» туралы ақпараттар базасы жасақталады. Осы тектес қылмысы үшін жауапқа тартылған тұлғалардың суреттері және олар туралы ақпараттармен кез-келген азамат танысуына мүмкіндік туады. Бұл халықаралық тәжірибеде қолданыста бар амал. Әрі оң нәтиже беріп келеді. Өйткені азаматтар хабардар болып отырады. Бізде қазір осындай заң жобасы әзірленіп жатыр»,- деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель.

Бүгінгі таңда «Педофилдерді химиялық кастрациялау» туралы заң жобасы Парламент Сенатының қарауында екенін мәлімдеген Бас прокурор орынбасары мұнымен осы тектес қылмыс толық жойылады деуге келмейді. Дегенмен, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, азғынды азбандайтын қоғамда педофилия 60 %-дан астамға азая-тынын айтты. 

Қоса кетейік, 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда педофилдерді өмір бойы түрмеге жабу жазасы енгізілген еді. Жазаның бұл түрі балаларға қатысты нәпсіқұмарлық әрекет жасағандарға қатысты да қолдынылуы мүмкін. Оған дейін елде мұндай азғындық үшін тағайындалатын жазаның ең ұзағы 15 жыл бас бостандығынан айыру болатын. Ал, былтырдан бастап қолданысқа енгізілген Қылмыстық кодекс кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды қылмыс жасағандардың жазасын ауырлатумен қоса, ондайларды шартты түрде соттауға, жазаның бір бөлігін айыппұлмен өтеуге немесе отбасылық жағдайға байланысты жазаны кейінге шегеруге, түрмеден мерзімінен бұрын босатылуына да тосқауыл қойды. Қала берді, бұл қылмыстардың мерзімі де «ескірмейтін» болды. Яғни, педофил азғындық әрекетін қанша жыл бұрын жасаған болса да бәрібір жауапқа тартылады. Дегенмен, бұл шаралар да балаларға қатысты нәспіқұмарлықты азайтпай отыр. Бір ғана 2015 жылы кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген 465 қылмыс тіркелген. Тағы 133 қылмыстық іс жасөспірімдерге қатысты нәпсіқұмарлық әрекет жасағандарға қатысты қозғалыпты. Балаларды азғырған 101 оқиға болған. 

Осы орайда психолог мамандар қоғамға үндеу тастап отыр. Олар ата-аналарға перзенттерінің билеген немесе түрлі көз тартар қылықтары таспаға жазылған бейнероликтерді ғаламторға жарияламауға кеңес береді. Өйткені, ондай жазбалар «маньяктардың» делебесін қоздырып, қылмыс жасауына түрткі болуы мүмкін.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Назарбаевтың жиені Әлиевтің жұмыстан не үшін кеткені белгілі болды

Астана қаласы әкімінің орынбаары болған Нұрәлі Әлиевтің қызметінен кету себебі белгілі болды. Лауазым иесінің жұмыстан кетуіне ешкім түрткі болмаған. Бұл туралы ол отандық ақпарат құралдарының біріне ...

Korrespondent.kz Саясат

Елбасы 2740 теңгеге сауда жасады

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар қаласына жасаған жұмыс сапары барысында «Greenwich» гипермаркетін аралап, бешбармақ кеспесін, қарақұмық пен шай, қаймақ, нан, ірімшік, қымыз сатып алды...

Korrespondent.kz Қоғам

Шымкент жаңбыр суының астында қалды (фото+видео)

Шымкентте толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қала кәдімгідей өзенге айналды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі. ...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Кәсіпорындардан жұмысшылар санын қысқартпауды сұранып, жан-жақты бақылау болса да, биыл 500-ге жуық азамат жұмыссыз қалады деген болжам бар. Мұндай санды облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter