Назарбаевтың жиені Әлиевтің жұмыстан не үшін кеткені белгілі болды
Астана қаласы әкімінің орынбаары болған Нұрәлі Әлиевтің қызметінен кету себебі белгілі болды. Лауазым иесінің жұмыстан кетуіне ешкім түрткі болмаған. Бұл туралы ол отандық ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында жайып салды.
"Мен көп жыл бойы бизнеспен айналыстым. Жаңа қаржы салаларын, компанияның экономикалық мүмкіндігін ашу, зерттеу - көңілім қалаған жұмыс. Сондықтан мен Астана әкімінің орынбасары қызметінен кеттім, енді мен бизнес саласында істермен айналысамын", - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Еске салайық, Нұрәлі Әлиев қала әкімінің орынбасары болып 2014 жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын.
- Нурали Алиев
- Нұрәлі Әлиев
- Нурсултан Назарбаев
- Мемелкет басшысы
- президент
- Астана қаласы әкімінің орынбасары
- Корреспондент
- қызық ақпарат