ОҚО-ның экс-әкімі бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Дүйсенбi, 9 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

ОҚО-ның экс-әкімі бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды

Фото: otyrar.kz

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

Асқар Исабекұлы 1962 жылы дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономикалық мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

 

Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылым қызметкері болып жұмыс істеген. 

1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілерде мен қоғамдық ұйымдарда (Орта Азия және Қазақстан биржа қауымдастығы басқармасының, Қазақстандағы Кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы) басшылық қызметтерін атқарған.

1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.

2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында - «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2009 жылдың наурызы мен 2015 жылдың тамызы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

Былтырдан бері «Нұр Отан» партиясы төрағасының бьірінші орынбасары лауазымын атқарып жүрді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні мемлекет басшысының өткен жиында Президент  жер кодексінің бірқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялады. Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс алды. Ал бүгін министр отставкаға кетті.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.
Наверх

Басқа бас мақалалар

Коллектор ХХІ ғасырдың рэкеті ме?

Осы мәселе, нақтырағы «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы бір айдан бері мәжілісмендердің «мүжіп» талқылаған тақырыбына айналды. Алтыншы шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің назарына бұл заң 5 ...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Заң-заман

Шымкенттіктің айлығынан қайыршының шайлығы көп

Шымкенттіктердің орташа айлық жалақысы Қазақстанның көптеген қалаларынан кем, бар-жоғы – 84 179 теңге. Ал бүкіл Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемі – 133 922 теңге. Оңтүстік өңір жалақы көлемі жөні...

Жанат ҚАПАЛБАЕВА Сараптама

«Қара қағаздан» кейін туылған қара бала

Аға буын Отан соғысы, кейінгі ұрпақ Екінші Дүниежүзілік соғыс деп танитын адамзат тарихындағы ең сұрапыл қанды қырғынның өткеніне 71 жыл толса да, сол жылдардың құрбаны болғандардың нақты санын әлі кү...

Бекжігіт МӘУЛЕНОВ Қоғам

Шіренген шенеунік болғысы келетіндер көп

Бұрындары парақорлықпен қолға түскен шенеуніктерге жұрт жиіркенішпен қарайтын. Бүгінде аяушылық білдіретін болды. Бейне бір бойын дерт дендеген сырқат қоғамның құрбандығы деп қарайтындай. Әуелгілер ал...

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ Сараптама

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter