ОҚО-да 25 жастағы әйел өзін бір ауылдың 92 азаматы зорлады деп шағым түсірді
Естімеген елде көп. Оңтүстік Қазақстан облысында көпшіліктің жағасын ұстатқан оқиға орын алды. Нақтырағы, 25 жастағы Өзбекстан азаматшасының (жәбірленушінің) сөзіне сенсек, оны ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының 92 азаматы зорлаған. Бір қызығы, қылмыстық әрекетке қатысы бар күдіктілердің арасында 80 жастан асқан мүгедектер мен зейнеткерлер, тіпті елге сыйлы азаматтар мен мектеп директорлары бар. Жәбірленуші олардың әрқайсысына жекелей шағым жазған, деп хабарлайды 365info.kz.
Жаппай зорлау өткен жылдың жаз айында орын алған. Күдіктілер бұл жайтты бір ауыздан жоққа шығарып отыр. Қарабұлақ ауылын уақытша мекен еткен жәбірленуші әлдекімдер өзін бір айдай сексуалды құлдыққа салды, жыныстық жұқпалы аурулар жұқтырды деп айып таққан. Ал азаматтық некедегі күйеуі оны бірнеше рет құтқармақ болады.
Арызданушының шағымына сәйкес айыпталушыларды полицейлер Шымкенттегі тері аурулары диспансеріне әкеліп, тексеруден өткізеді. Сараптама қорытындысына сәйкес олардың ешқайсысында жыныстық ауру белгілері байқалмаған. Тіпті жәбірленушімен интимдік қатынаста болуын жоққа шығарады.
Жасы келген тұрғындар мына оқиғадан кейін балалары мен келіндеріне, немерелеріне қарауға ұялатындықтарын, тіпті кейбірі түні бойы көзіне жас алып шығатынын айтқан. Айтпақшы, тұрғындардың айтуынша, 25 жастағы әйел азаматшаның азаматтық некедегеі күйеуі қарабұлақтық азаматтарға шағым түсіремін деп ақша бопсалаған екен. Ақша бермесе, келесі бір арызға куәгер болуды талап еткен. Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
- ОҚО
- ЮКО
- Сайрам
- зорлау оқиғасы
- зорлау фактісі
- Корреспондент
- қызық ақпарат