Кезінде "хип-хоп" билеп көпшілікті таң қалдырған шымкенттік экс-шенеунік жаңа қызметке тағайындалды
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Бахадыр Нарымбетов «ҚазТрансГаз» АҚ-на қарасты «Азиялық Газ құбыры» ЖШС-інің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды, деп жазды oinet.kz.
Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов 1972 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. 1993-1998 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ-де саясаттану оқытушысы мамандығы бойынша бiлiм алған. Сарыағаш ауданы әкiмi аппаратында, Оңтүстік Қазақстан облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасында, iшкi саясат департаментiнде, Президентi әкiмшiлiгiнiң iшкi саясат басқармасында еңбек еткен. 2006-2008 жылдары облыстық iшкi саясат басқармасының бастығы. 2008-2009 жылдары Президентiнiң баспасөз қызметi ұйымдастыру секторының меңгерушiсi, Әдiлет министрлiгi дiни iстер жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. Еңбек жолында облыстың атқарушы органдарында, одан кейін министрліктерде, Президент әкімшілігінде шыңдалған Б.Нарымбетов көпшілікке идеология саласының мықты маманы ретінде белгілі.
Бахадыр Мадәліұлы Шымкент әкімі Арман Жетпісбаевтың орынбасары кезінде қала күніне орай өткен шаралардың бірінде көше биі "хип-хопты" билеп, көпшілікті таң қалдырған болатын.
- Бахадыр Нарымбетов
- шымкент
- чниовник
- шенеунік
- Корреспондент
- қызық ақпарат