Шымкентте 64 жастағы зейнеткерді ит талап, көз жұмды
Шымкентте 64 жастағы әйел азаматын ит талап тастады. Өкінішке орай зейнет жасындағы адам бұл оқиғадан соң көз жұмды.
Зейнет жасындағы кейуанаға көршісінің иті тап берген. Себебі олардың үйі мен көршілерінің баспанасы аралығында қоршау болмапты. Содан байлаусыз жүрген ит көрші үйдің тұрғынының беті мен мойнын талап тастаған. Әзірге Еңбекші аудандық полиция бөліміндегілер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
- шымкент
- шымкенттік зейнеткер
- 64 жастағы әжей көз жұмды
- оқыс оқиға
- қызық ақпарат