Жер дауына қатысты пікір білдірген мәжілісмендер бір-біріне қарсы шықты
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Menu

 Кіру / Тіркелу

Жер дауына қатысты пікір білдірген мәжілісмендер бір-біріне қарсы шықты

Қазақстандықтарға Жер кодексінің дұрыс түсіндірілмеуіне депутаттар кінәлі деп есептейді Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбильянов. Оның пікірінше, халық жер туралы заңды дұрыс түсінбегендіктен елде жер саудасына қатысты даулы мәселелер жиі туындап отырған көрінеді. Бұл туралы SKIFNEWS.KZ мәлімдеді. 

"Біз мойындаймыз, бұл біріншіден үкіметтің қателігі, біздің депутаттардың қателігі. Біз халыққа тиісті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніміз жоқ, оны мойындаймыз. Әсіресе, Жер кодексіне енгізілген түзетулер мен өзгертулерге қатысты. Түсіндіру жұмыстарын жыл басында, тіпті, былтыр бүкіл облыстарда, аудан-қалаларда жүргізуіміз керек еді" деді Мәжіліс депутаты Семей қаласындағы сайлаушыларымен кездесу барысында.

Сәбильянов Семейге осы Жер кодексіне байланысты арнайы келіп отыр. Қазастандықтарды аяғынан тік тұрғызған осынау заңның қыр-сырын депутат өз жерлестеріне түсіндіріп көрмекші. Оның айтуынша, жерді жалға берудің уақытын созуға қатысты өзгеріс заңға 2014 жылы еніп кеткен. Бірақ, көпшілік мұны былтырғы жаңалық деп есептеп отыр дейді халық қалаулысы. Бұған дейін билік өкідері жаппай қайталағандай, Сәбильянов та Қазақстан жерінің шетелдіктерге ешқашан сатылмайтынын, тек жалға берілетінін ескертті. Сатып алу үшін Қазақстан азаматы немесе Қазақстанда тіркелген заңды тұлға болуы тиіс.

"Қазақстанда 100 миллионнан астам ауылшаруашылық жерлері бар. Оның 99,5 миллионын қазақстандықтар жалға алып отыр. Ал, осы 99,5 миллион гектардың 65 мың гектары шетелдіктерде. Бұл небәрі 0,06 пайыз. Дегенмен, сол 65 мыңның 45 мыңы бірлескен компаниялардың еншісінде. Әу баста халыққа дәл осылай түсіндіруіміз керек еді" дейді депутат.

Оның айтуынша, ШҚО-да ірі инвесторлар жоқ. Шетелдік компанияларға жалға 300 гектар жер берілген.

"Ал, қалған жер телімдері өз азаматтарымызда. Біз оларға бұл жерлерді жеңілдікпен сатып алуға ұсыныс жасап отырмыз. Олар жұмыс істеуі керек, жер игерілуі керек" деп атап өтті Мәжіліс депутаты. Ол сондай-ақ, Жер кодексіне қатысты халық тарапынан ұсыныс болса Парламент қабырғасында міндетті түрде қаралатынын да ескертті. 

Алайда Сабильяновтың әріптесі, мәжілісмен Қарақұсова жер дауының өршуіне журналистерді кінәлап отыр. Qamshy.kz  жария еткен ақпаратта Қарақұсованың тілшілерге берген сұхбатынан үзінді келтірілген. 

"Қазір мәселенің мән-жайын анықтамай, контекст ішінен ойыңды бөліп алып, мағынасын өзгертіп беру сәнге айналды. Журналистер мықты сарапшы болуы керек. Мен мұны үнемі қайталап келемін. Сіздер, журналистер, талдауға сүйенулеріңіз керек, өйткені, ең соңғы сөзді халыққа жеткізетін сіздерсіздер. Жер мәселесіне қатысты жағдайды ешкім саралаған жоқ, контексттен қиып алып, өздеріне ыңғайлы етіп бере салды. Салдарынан шындыққа жанаспайтын пікірлер айтылып жатыр" деген Қарақұсова.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Kermek
+7 Kermek 05.05.2016 21:09
Халық дұрыс түсінді.Өздерін түсінбедіңдер ғой дейм, не сасқан үйрек артымен жүзедінің керіғой дейм. Халық күтті райынан қайтар деп ,билік тікелей іске көшті шегінер жер қалмады халыққа. Халық дана - деген деген сөз бар бұрынғылар айтқан депутат мырза. Болсаң дұрыс депутат бол болмасаң...
Жауап беру
Мөлдір
+8 Мөлдір 06.05.2016 15:18
Сіздердің айтып отқандарыңызды халық сіздерден бұрын түсініп қойған. Сатылмақ түгілі жалға да берілмесін деп отыр. Жалға тек қазастанның қазағына ғана берілсін деп отыр.
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Error: No articles to display

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

Сайт DivideGroup әзірлеуші тобымен жасалған

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter