Н.Назарбаев: "Алаңға шығып шу шығарып жүргендердің ауыл шаруашылығы жайында түсінігі де жоқ"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu
Жексенбi, 1 мамыр 2016

 Кіру / Тіркелу

Н.Назарбаев: "Алаңға шығып шу шығарып жүргендердің ауыл шаруашылығы жайында түсінігі де жоқ"

Фото: newskaz.kz

Жерді сату тақырыбында арандатушылар анықталып, жазалануы тиіс. Бүгін "Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт" күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

 

"Соңғы уақытта шетелдіктерге Қазақстанның жері сатылмақ деген жалған ақпараттардың үздіксіз жариялануынан жер мәселесіне қатты назар аударылып отыр. Бірнеше мәрте түсіндірілді, мен де бұл шындыққа сәйкес келмейтіндігін айттым. Тағы да бір мәрте айтқым келеді, ауыл шарушылығы жерлерін шетелдік азаматтар мен компанияларға сату туралы мәселе тұрған жоқ және талқыланбайды да. Бұл тақырыптағы алып-қашпа сөздер негізсіз. Арандатушылар әшкереленіп, ел заңына сәйкес жазалануы тиіс", - деді Назарбаев.

Президенттің атап өтуінше, елімізде ауыл шаруашылығы жерлері жалға 10 жылға беріліп келген. Алайда, бұл аралықта аграрийлер салған қаржысын қайтарып ала алмайды. Сондықтан, жалға беру мерзімін 25 жылға дейін ұзарту шешімі қабылданған. Жалпы, мұндай тәжірибе барлық елдерде бар. Мәселен, Ресей 49 жылға, Біріккен Араб Әмірліктері 99 жылға, Еуропа елдері 25, 49, 99 жылға жерді жалға береді.

"Алаңға шығып шу шығарып жүргендер трактордан не болмаса аттан түсіп жетіп келгендер емес. Олардың ауыл шаруашылығы жайында түсінігі де жоқ, бұл жерлердің қайда екендігін де білмейді", - деді елбасы.

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Бисенгали
+4 Бисенгали 26.04.2016 18:21
Ресей де жерди баска елге береме? Сондай-ақ басқа елдерде солай жерди жалға береме басқа елге? Ресей де жерди сатпайды өз ұлты на жалға береди басқа ұлт ка емес.
Жауап беру
Майса
+6 Майса 27.04.2016 08:44
Бари креслодан тусип келген жок, 70% ы сол даладан келди
Жауап беру
Баглан
+7 Баглан 28.04.2016 19:23
Қойш... сен ақылдысың, басқаның бәрі ақымақ. Сен де әр жерде бір сөйлемей халқыңа арнайы шығып айтсайшы. Прямой эфирге шық. Қорқақ
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

«Корреспондент» газетінің редакциясын тонап кетті

«Корреспондент» республикалық қоғамдық-саяси апталық газетінің редакциясына ұры түсті. Сәуірдің 28-інен 29-ына қараған түні редакция ғимаратына белгісіз адам (бірнешеу  болуы мүмкін) баса көктеп кірге...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter