С.Майғазиев: "Бір күндік жас қыздар көп біздің қоғамымызда"
GK Game News - шаблон joomla Продвижение
Айдарлар
Menu

 Кіру / Тіркелу

С.Майғазиев: "Бір күндік жас қыздар көп біздің қоғамымызда"

Фото: www.qazaquni.kz

Белгілі әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиевті отбасылы еркектердің етегінен ұстап, көлікті болып жүрген қыздардың, яғни, тоқалдардың жағдайы алаңдатып отыр. Бұл туралы өнер жұлдызы отандық арналардағы бағдарламалардың біріне берген сұхбатын жайып салды.

 

Тілшінің тоқал алу туралы қойған сауалына: «Қоразданамыз, бірақ ала алмаймыз... Оны мен жұбайыммен өзім шешем, мәселе жоқ. Алам ба, алмаймын ба, оны бір Алла біледі» деген ол.

«Кейбір жігіттер бар, екінші алмаймын. Біреуін қарық қылып алайын деп жүреді де екеу емес, үшеуін алады»,-деді әнші.

Мұнан соң музарттық өнер жұлдызы ерлердің көңілдесі болып жүрген қыздардың әрекетін сынға алды.

«Ойланыңызшы, бір еркек айдаладағы біреуге көңілдес болғаны үшін астына автокөлік әперіп жатады. Тіпті ол бала да туып бермейді. Қарап отырсаң, халықтың санын көбейтпейді де. Пайдасы жоқ. Қысқасы, бір түндік жас қыздар көп біздің қоғамымызда, заманымызда, Алла сақтасын»,-деп ашуланды топ мүшесі. Ал белгілі продюсер, асқар тау әке Қыдырәлі Болманов алғашында жұбайы Қарақат Әбілдина тоқал алып бергелі жатқанын сөз арасына қосып, кейін онысы  әзіл екенін түсіндірді. Дегенмен Болманов мырза елдегі ерлердің тоқал алу былай тұрсын, 3-4 әйелден алуына қарсылық танытпайтынын айтып қалды. 

"Жалпы ақылды дүние ретінде қарап отырсаңыз, осыдан бәленбай жыл бұрын бір жігітке 7-9 қыз келетін мысалға. Қазір бұл одан да көп. Жиырмадан асады. Көрсеткіш өсті. Егер ұлтымызды сақтап, ұрпақ көбейту мәселесін ойлайтын болсақ, әр қазақ 3-4 әйел алып, оны асырап бағып, балаларын өсіру бізге қажет сияқты”, – дейді продюсер.

 

 

© 2015 "Корреспондент" газет материалдарын қолдану үшін www.korr.kz сілтемесін көрсетуіңіз міндетті.

Пікірлер  

Калдыгуль
0 Калдыгуль 27.04.2016 16:22
Сонымен, карсы емессиз гой
Жауап беру
САРСЕНБИЕВ ЕРЛАН АКЫ
+1 САРСЕНБИЕВ ЕРЛАН АКЫ 27.04.2016 23:32
Расында солай болганы дурыс Сакен агамыздын айтканы казак жыгтерыне токал алу керек ашык жане занды турде.
Жауап беру
қонақ
0 қонақ 04.05.2016 11:17
Көп еркектердің алдымен өзінің отбасын асырауға шамасы жоқ. Кредиттен бастары арылмай, балаларын асырауға жағдайы жетпей отырып, басқа әйелдерге көзін салады. Әлін білмеген әлек.
Жауап беру
Баке
+2 Баке 05.05.2016 10:43
Қарсы емеспін )))
Жауап беру
Нургабыл
0 Нургабыл 09.05.2016 21:47
Демография демография дейсіңдер еркекте демократия болмаса қалай алмақ екіншісін заңға негізу керек екінші некеге
Жауап беру
Саяна
0 Саяна 10.05.2016 10:24
ол қазақтың керемет салт - дәстүрі білген кісіге!!!
Жауап беру
Наверх

Басқа бас мақалалар

Оңтүстік Қазақстанда ішімдікке сылқия тойған ананың 8 айлық баласын бөтелкелесі көшеге тастап кетті (видео)

Күтпеген жайт 29 маусым күні кешкі уақытта орын алған. Оқиға орнынан жедел жәрдем қызметі мен полицейлер келіп жеткен. Оларды ішкілікке толйған ананың әрекетін көрген ер азамат шақыртқан. Бұл туралы Т...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Рианнадан асып түскен қазақ баласы ғаламтор жұлдызына айналды (видео)

Алматылық Әлихан Бұлдыбаев Рианнаның орындауындағы хит әнді айтып, жұртты таң қалдырды. 12 жастағы Әлиханның студияда ән орындау сәті түсірілген видео желіде жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz. Т...

Korrespondent.kz Оқиғалар

Мемқызметкерлердің компьютерлері 18.30-да автоматты түрде сөндірілетін болды

Елордалық мемлекеттік қызметкерлердің жұмывсы қиындайын деп тұр. өйткені енді оларыдң жұмыс компьютерлері кешкі сағат 18.30-да автоматты түрде сөндірілетін болды. Еліміздің Инвестиция және даму мини...

Korrespondent.kz Оқиғалар

ОҚО-да қазақша жаза алмайтын баспасөз хатшысы жергілікті журналистерге жақпай қалды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметіндегілер Шымкентте пресс-тур ұйымдастырамын деп журналистерге ұнамай қалды. Ұйымдастырушылық жұмыстары ойдағыдай...

Korrespondent.kz Қоғам

Кіру / Тіркелу

Копирайт

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жарнама құқықтар толық сақталады.

Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

  +7 (702) 5361474

E-mail: [email protected]

Мәтінде қате көрсеңіз, тінтуірмен белгілеп
пернені басыңыз: Ctrl+Enter